• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

 «Елі қадірлеген Қадыр»тақырыбында флешакция

 

Бала ойымен, қиялымен өлең жазып, нағыз ақындық талантын танытқан балалардың сүйікті ақыны, жерлес ақын, поэзияның алдаспаны Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай 2020 жылдың 6 қаңтар күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында «Елі қадірлеген Қадыр» тақырыбында флеш акция оздырылды.

Шара барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын талдады. Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған балаларға арналған әндер орындалды. Әлем халықтарының жұмбақтар жанрын мейлінше зерттеп, ана тілімізге өлеңмен аударып жариялаған ақын жұмбақтарының шешімін табуға оқушылар белсене қатысты. Ақынның «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Ана тілің-арың бұл», «Табиғат та бір кітап» өлеңдері мен  «Құлақ не үшін керек?», «Биялай мен Қолғап» мысалдары жатқа айттылды. Ақын шығармалары жинақталған, ақынның өмірі туралы ақпараттар, мерзімді басылымдарда жарық көрген мәліметтер «Қазақ жырының Қадыры» кітап көрмесінің мазмұнын толықтыра түсті. Шара ақынның сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен  аяқталды.

 

 

 


Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты Коминтерн ауылдық кітапханасы 1952 жылы құрылды.
Аудан әкімінің 2007 жылдың 11 наурыздағы №54 Қаулысымен Коминтерн ауылдық кітапханасы атауы Шағырлыой ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.
Алғашқы кітапхана меңгерушісі болып Зияшова Сайлау (1952-1956 жж.) қызмет етті. Кейіннен кітапханашы және кітапхана меңгерушісі қызметінде Хұсайынова Қатима (1957-1959 жж.), Арыстанғалиев Хамидолла (1963-1964 жж.), Жұбанғалиева Майра (1965-1967 жж.), Карина Ұрқия Әжіғапқызы (1968-1991 жж.) еңбек етті.
1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін кітапхана меңгерушісі болып Арыстанғалиева Ақсұлу Хамидоллақызы қызмет етуде.
2017 жылдың 8 маусымында кітапханаға «Модельді кітапхана» статусы берілді.

2018 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері:

Оқырман саны:  500    

Кітап қоры:  16075

Кітап берілімі:   14807

Байланыс телефоны: 8(711)34-22-9-27

Электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Кітапхана сайты:shagirlyoi.syrym-okzh.kz

 

Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасының

2019 жылғы негізгі сандық көрсеткіштері

 

Оқырман саны - 485

Кітап қоры - 16335

Кітап берілімі - 13970

Қатынас саны - 4368

 

2020 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері

 

Оқырман саны - 305

Кітап қоры - 16493

Кітап берілімі - 9296

Оқырмандардың қатынасы - 3429