• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «І Достық»  және  «Парасат» орденінің иегері, тәуелсіз «Тарлан» және халықаралық «АВЬЯС» сыйлықтарының лауреаты, абыз ақын, туған өлкеміздің асыл перзенті Қадыр  Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Сырым елінің жыр зергері Қадыр» тақырыбында оn-line жыр кеші өтті.

Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы 2020 жылдың 11-12 маусым күндері аралығында ZOOM платформасы арқылы «Балалар мен жастар: цифрлық ортада оқу» тақырыбында кітапхана мамандарының қатысуымен аймақтық семинар ұйымдастырылды.

2020 жылдың 26-29 мамыр аралығында Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық және аудандық әдіскерлердің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы «Нақты және виртуалды әлемдегі кітапхана» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

2020 жылдың ақпан-мамыр айына дейіңгі аралықта, 3 кезеңнен (іріктеу, негізгі, қорытыңды) тұратын, отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытында Х.Есенжанов атыдағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2020» оқырман отбасылар байқауын ұйымдастырды.

М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Аудандық балалар кітапханасы Ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай оқырмандардың рухани құндылығы – кітап оқуды кеңінен насихаттау мақсатында «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» онлайн әдеби бульвар ұйымдастырып, фейсбук әлеуметтік желісіне жариялады.