• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2020 жылдың ақпан-мамыр айына дейіңгі аралықта, 3 кезеңнен (іріктеу, негізгі, қорытыңды) тұратын, отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытында Х.Есенжанов атыдағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2020» оқырман отбасылар байқауын ұйымдастырды.

Мақсаты: көпшілік және балалар кітапханаларының, сондай-ақ облыстағы отбасылармен жұмыс жасайтын басқа да ұйымдардың жұмысын белсендіру, өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу және балалар оқуы мәселесін шешуге ата-аналарды тарту, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани-адамгершілік дамуындағы отбасылық құндылықтар мен отбасының беделін  көтеруге бағытталған қоғамдық  түсінікті қалыптастыру, ата-ана жауапкершілігі, ішкі отбасылық қарым-қатынас сияқты отбасылық тәрбиедегі іс-тәжірибелердің жағымды жақтарын тарату және жас отбасылардың өзара дамуына,  шығармашылық қабілетінің ашылуына жағдай жасау.

Атаулы байқауға М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ балалар кітапханасының оқырмандары Қитаровтар отбасы қатысты. «Біз оқырман отбасы» атты таныстыру бейнеролигі (3минут) инстаграм әлеуметтік желісінің @biblioteka_uralsk парақшасына жүктелді. 4-9 мамыр аралығы 3 кезеңнің ережесі бойынша отбасы мүшелерінің халық ауыз әдебиетінен (ертегілер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар) үзінді сахналауынан (5минут) Қитаровтар отбасы «Бір түп жусан» әңгімесінен үзінді ұсынды. Байқаудың соңғы кезенінің нәтижесінде Қитаровтар отбасы бейнеролигі бойынша 1574 лүпіл, 141 пікір жинап «Мерейлі отбасы» аталымына ие болды.