• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялаған болатын.  Осы атаулы жылға орай кітапхана қорына келіп түскен жасөспірімдер мен балаларға арналған  жаңа әдебиеттер топтамасын ұсынамыз

Ертегілер әлемі

4 жас-10 жастағы оқырмандарға арналады

 

Қазақ халық ертегілері. 2-басылым, стериотип.- Астана: Фолиант, 2018.-208 б., илл.

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтаусарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнекей қыз-халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері-ақылды тасбақа мен қоян, қарға  мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

Батырлар туралы ертегілер: Ертегі / дайындаған З. Сейітжанова.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2019.- 96 бет. .-Сер.: «Қазақ ертегілерініңі антологиясы».

Батырлар туралы ертегілер-батырлар туралы көркем суретті халық ертегілерінің жинағы. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытатын бұл кітап кішкентай оқырмандарға ғана емес, сондай-ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

Әли А. «Көкбура» Астана, 2013-28 бет – қазақша

Бұл кітапта Бурабай табиғатының сұлулығына  тамсанған автордың өз ойынан туындаған аңыз-оқиға баяндалады. Мұндағы әрбір тау кескіні өзіндік сырға толы. Туынды желісі Бурабай мен Жеке батыр тауларының негізінде өрбиді.Аңыз бейнелерін,Батыр мен бураның жатқан жерлерін кітаптың соңында келтірілген қосымшадан көруге болады.

Нұрғалымұлы Ұ. Ілияс пен Заңғардың планшеті: Балаларға арналған тағылымдық комикс / Нұрғалымұлы Ұ.- астана , 2018.- 32 б.

Ұлттық болмыс туралы жазып, жүрген танылып жүрген Ұларбек Нұрғалымұлы бұл әңгімесін бүгінгі балалардың табиғатына жақын етіп жазған. Қалада тұратын, технологияны таңсық көрмейтін, бірақ қазақ тілінен алыстамаған, өзінің тамырын кім екенін де жақсы  білетін, заманауи балалардың образын жасаған.

Андерсен Г.Х. Ертегілер.- H.Ch Andersen. Tales.-Андерсен Г.Х. Сказки.- Шымкент: «Shugylakitap» ЖШС, 2020.-480 бет.- қазақша, ағылшынша, орысша.

Түрлі-түсті әсем суреттермен безендірілген кітапта Г.Х. Андерсеннің әлемдік мәдени мұра болып табылатын ең атақты ертегілері қазақ тіліне аударылып берілген. Бүкіл дүние жүзі балаларының сан буыны осы ертегілерді оқып өсті.

In this bright coloured book you can meet the most well-known fairy-tales, written by H.C.Andersen, which are the example of wotks cultural heritage. Education was based on these tales.

Вкрасочно иллюстрированной книге переведены на казахский язык самые знаменитые сказки Г.Х. Андерсена. Являюющиеся мировым культурным наследием . На этих сказках выросли многие поколения детей всего мира.

Сара Гюрбюз Озерен.Ержүрек Юнга: Америкадан Океанияға.- Астана: Фолиант, 2018.-160 б.

Көк теңіздің өзіне тартып тұратын бір сиқыры бар. Оны тек жүрекпен сезе білу керек. Бір рет теңізге шыққан жан кемемен саяхаттағысы келеді де тұрады. Чагры балақайдың отбасы да сөйтті. Олар «Перизат» атты ақ кемемен екі мұхитты кесіп өтіп, үш құрлықты айналып шыққан еді. Міне, бақытты отбасы тағы да теңізге шықпақшы...

Жас оқырмандарымыз бұл жолы өсіп қалған Чагрымен және оның қарындасы, отбасымен қайта қауышпақ.Ендеше, әлемнің құпияға толы тылсым жерлерін, әдемі көріністерін бірге тамашалайық.

Сара Гюрбюз Озерен. Ержүрек Юнга: Атланттан Үнді мұхитына.- Астана: Фолиант, 2018.-160 бет.

Күндердің күнінде Чагрыны бір мейірімді жандар асырап алды.Осылайша баланың бақытқа толы өмірі басталды.... Жаз да келді. Ол отбасымен бірге ақ кемеге мініп, әлемді аралауға аттанды. Бір жарым жылға созылған бұл саяхатта балақай юнга атанып, көптеген елдің мәдениетімен танысты. Дегенмен теңіздегі сапары қиындықсыз болған жоқ. Біресе қауіпті акулаға кез болса, енді бірде жебесін кезенген аборигендермен бетпе-бет ұшрасты...Түрік жазушысы ынтымақ-бірлігі жарасқан жандарды жау алмайтынын әдем іс көрсете білген.