• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

15 ақпан – Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында әскери-патриоттық кездесу кеші өтті. Мақсаты: Жас жеткіншектерге Ауғанстан соғысы жайлы мәлімет беру, патриоттық рухы жоғары қайсар ағалардың ерліктерін паш ету арқылы оқырмандарды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, Шараға жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешенінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қажмұқанбетов А, мектеп тәлімгері Қайыров Мәди, 7 сынып оқушылары қатынасты. Шара барысында «Ауғанның – от жалыны» атты кітап көрмесі  шолу жасалып, Ауған соғысының тарихы, ауданымыздан аттанған жауынгер  сарбаздардың өмірі мен ерліктері туралы, «Ауғанстан - біздің есімізде» атты экраннан деректі фильм көрсетілді. Мектеп тәлімгері Қайыров Мәди ауған соғысының ардагері Қара майор атанған  Борис Керімбаевтың өмірі мен Ауған соғысындағы ерліктері жайлы баяндап, оқырмандар қызыға тыңдап, сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті.