Бұлдырты ауылдық кітапханасы 1955 жылы 500 дана кітап қорымен ашылып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Әр кезеңде кітапханашылар халықтың рухани байлығын арттыру мақсатында қажырлы еңбек ете білді. Алғашқы кітапханашы болып 1955–1956 жылдары Байқатов Төлеген жұмыс істеген.
1956–1957 жылдары Ахметов Жарқынғали; 1957–1958 жылдары Есқалиева Т. Ахметов Ж; 1958–1963 жылдары Арыстанова К; 1963–1965 жылдары Ахметов Ж. Мықтыбаева Райхан; 1965-1991 жылдары Бұлдырты ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып Махметова Күләш қызмет атқарды.
1991–1997 жылдары Балпейсова Гүлзира;
2014 жылы Бұлдырты ауылдық кітапханасына «Модельді кітапхана» статусы берілді. Қазіргі таңда кітапхана меңгерушісі Б.Темірханова; кітапханашылар: (1997жылдан бастап) Сальменова С.С.; (2008жылдан бастап) Сұңғатқызы Н. қызмет атқаруда.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Арыстанова Айнұр Жаксыгалиевна С.Сальменованың орнына Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы қызметіне қабылданды.
2018 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері:
Оқырман саны: 1638
Кітап қоры: 17177
Кітап берілімі: 20970
Байланыс телефоны: 8(711)34-93-3-25;
Электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының
2019 жылғы негізгі сандық көрсеткіштері
Оқырман саны - 1685
Кітап қоры - 17416
Кітап берілімі - 21070
Қатынас саны - 7091
2020 жылдың негізгі сандық көрсеткіштері
Оқырман саны - 1199
Кітап қоры -17547
Кітап берілімі - 18159
Оқырмандардың қатынасы - 5878