• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Кітапхананың пайдалану ережесі

  • Кітапханаға жазылу үшін азаматтар төлқұжатын көрсетулері қажет.
  • Тұрағы, жұмыс орны немесе фамилиясы өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға келіп ескерткен жөн.
  • Оқырманның үйде оқуына 10 күндік мерзімге 2-3 кітап және журнал алуына болады. Журналдың жаңа номерлері 5 күнге беріледі. Сирек, кітаптар мен дара анықтамалық басылымдар үйге берілмейді.
  • Әрдайым оқырман өзінің формулярына кітапты алып, қайтарғандығын растап қолын қояды. Кітапты ұқыпты ұстап, жыртылған жері болса кітапханашыға ескертуі керек.
  • Кітапхана сөрелеріндегі кітаптардың орналасу тәртібін бұзбауы тиіс.
  • Кітапты белгіленген мерзімде қайтаруы қажет. Басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, кітаптың  пайдалану мерізімен ұзартуға болады.
  • Кітапты жоғалтып алған жағдайда кітапханаға сол кітапқа сәйкес келетін кітап тапсыруы керек.