• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2020 жылдың 11 мамыр күні  Аудандық балалар кітапханасы  қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Жымпиты ауылының орталығында ақынның есімі берілген көше тұрғындары мен кітапхананың белсенді оқырмандарының  қатысуымен «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» тақырыбында  әдеби бульвар ұйымдастырды. Мақсаты:Жас ұрпаққа ұлы ақынның өнегелі өмірі мен соңына қалдырған шығармашылығын, еңбегі мен мол мұрасын таныту және насихаттау. Шара барысында көше тұрғындарына ақынның өмірі мен  шығармашылығы жайында мағлұмат беріліп, кітапхана оқырмандары ақынның «Көзімнің қарасы», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін оқыды.

 

 


Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
Габбасова Тыныштық Орынғалиқызы
Тел.: 8 (71134) 21-6-28
e-mail:
 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 

 

Аудандық балалар кітапханасы 1955 жылы 2000 дана кітап  қорымен ашылып, Айтбаева Ұмсын меңгеруші болады.

 

1964 жылы Алматыдағы ЖенПИ-ді бітіріп алғашқы жоғары білімді маман Мұхамбетқалиева Мәрия меңгеруші болып қызмет атқарды.

 

1972-1990 жылдары балалар кітапханасының меңгерушісі болып Исатаева Бағи; 1990 жылдары кітапхана меңгерушісі қызметін Қажығалиева Дина; 1992-1993 жж        меңгеруші болып Шайхидденова Ақмарал қызмет атқарды.

 

1993-2009 жылдары Қайжан Г.З; 2009 жылдан бастап бүгінгі күні аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып Габбасова Тыныштық Орынғалиқызы және кітапханашы қызметінде Каримова Толқын Мендешовна мен  Алғалиева Айгүл Сабыржановна.

 

 Кітапхананың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.

  • Жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізу.

  • Қазақстандық елжандылық пен азаматтылыққа тәрбиелеу.

  • Экологиялық көзқарас пен табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

  • Туған өлкесінің тарихына деген қызығушылықты қалыптастыру.

  • әдебиетке деген қызығушылықка тәрбиелеу.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие туралы.

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасына деген қызығушылықты тәрбиелеу.

  • Көрмелердің, конференциялардың, тұсқаукесер рәсімдерінің және көпшілік жұмыстың басқа да нысандары көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа   туындыларын насихаттаумен шұғылданады.