• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

 

Аудандық балалар кітапханасы назарларыңызға балаларға  арналған

жаңа әдебиеттерді ұсынады .

 Бұл көрсеткіш арқылы жас оқырман әдебиеттердің қысқаша мазмұнымен

таныса отырып, өзіне керекті әдебиеттерді таңдай алады.

                                                  

Ертегілер әлемі

4 жас - 10 жас

 

Қазақ халық ертегілері. 2-басылым, стериотип.- Астана: Фолиант, 2018.-208 б., илл.

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтаусарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнекей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері –ақылды тасбақа мен қоян, қарға  мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

 

 

Батырлар туралы ертегілер: Ертегі / дайындаған З. Сейітжанова.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2019.- 96 бет. .-Сер.: «Қазақ ертегілерініңі антологиясы».

 

Батырлар туралы ертегілер – батырлар туралы көркем суретті халық ертегілерінің жинағы. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытатын бұл кітап кішкентай оқырмандарға ғана емес, сондай –ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

 

 

Әли А. «Көкбура» Астана, 2013-28 бет – қазақша

 

Бұл кітапта Бурабай табиғатының сұлулығына  тамсанған автордың өз ойынан туындаған аңыз-оқиға баяндалады. Мұндағы әрбір тау кескіні өзіндік сырға толы.  Туынды желісі Бурабай мен Жеке батыр тауларының негізінде өрбиді. Аңыз бейнелерін, Батыр мен бураның жатқан жерлерін кітаптың соңында келтірілген қосымшадан көруге болады.

 

 

Нұрғалымұлы Ұ.

Ілияс пен Заңғардың планшеті: Балаларға арналған тағылымдық комикс / Нұрғалымұлы Ұ.- астана , 2018.- 32 б.

 

Ұлттық болмыс туралы жазып, жүрген танылып жүрген Ұларбек Нұрғалымұлы бұл әңгімесін бүгінгі балалардың табиғатына жақын етіп жазған. Қалада тұратын, технологияны таңсық көрмейтін, бірақ қазақ тілінен алыстамаған, өзінің тамырын кім екенін де жақсы  білетін, заманауи балалардың образын жасаған.

 

   

Кітап балаларға , ата-аналарға және ата - әжелерге арналған.

 

Андерсен Г.Х. Ертегілер.- H.Ch Andersen. Tales.-Андерсен Г.Х. Сказки.- Шымкент: «Shugylakitap» ЖШС, 2020.-480 бет.- қазақша, ағылшынша, орысша.

 

Түрлі-түсті әсем суреттермен безендірілген кітапта Г.Х. Андерсеннің әлемдік мәдени мұра болып табылатын ең атақты ертегілері қазақ тіліне аударылып берілген. Бүкіл дүние жүзі балаларының сан буыны осы ертегілерді оқып өсті.

 

In this bright coloured book you can meet the most well-known fairy-tales, written by H.C.Andersen, which are the example of wotks cultural heritage. Education was based on these tales.

 

Вкрасочно иллюстрированной книге переведены на казахский язык самые знаменитые сказки Г.Х. Андерсена. Являюющиеся мировым культурным наследием. На этих сказках выросли многие поколения детей всего мира.

 

 

Сара Гюрбюз Озерен.

Ержүрек Юнга: Америкадан Океанияға.- Астана: Фолиант,

2018.-160 б.

 

Көк теңіздің өзіне тартып тұратын бір сиқыры бар. Оны тек жүрекпен сезе білу керек. Бір рет теңізге шыққан жан кемемен саяхаттағысы келеді де тұрады. Чагры балақайдың отбасы да сөйтті. Олар «Перизат» атты ақ кемемен екі мұхитты кесіп өтіп, үш құрлықты айналып шыққан еді. Міне, бақытты отбасы тағы да теңізге шықпақшы...

 

Жас оқырмандарымыз бұл жолы өсіп қалған Чагрымен және оның қарындасы, отбасымен қайта қауышпақ.

 

Ендеше, әлемнің құпияға толы тылсым жерлерін, әдемі көріністерін бірге тамашалайық.

 

 

Сара Гюрбюз Озерен.

Ержүрек Юнга: Атланттан Үнді мұхитына.- Астана: Фолиант, 2018.-160 бет.

 

Күндердің күнінде Чагрыны бір мейірімді жандар асырап алды.

 

Осылайша баланың бақытқа толы өмірі басталды....

 

Жаз да келді. Ол отбасымен бірге ақ кемеге мініп, әлемді аралауға аттанды. Бір жарым жылға созылған бұл саяхатта балақай юнга атанып, көптеген елдің мәдениетімен танысты. Дегенмен теңіздегі сапары қиындықсыз болған жоқ. Біресе қауіпті акулаға кез болса, енді бірде жебесін кезенген аборигендермен бетпе-бет ұшрасты...

 

Түрік жазушысы ынтымақ –бірлігі жарасқан жандарды жау алмайтынын әдем і көрсете білген.

 

 

Балаларға арналған ғылыми танымдық анықтамалықтар

5 - 8  сыныптар

«1100 қызықты дерек» топтамасымен

 

Адам Анатомиясы.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2017.- 208 бет.- Сер.: «1100 қызықты дерек».

 

Адам қашанда өзін қоршаған дүниенің қыр-сыры мен құпия қалтарыстарын танып-білуге ұмтылды. Әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың сырын ашуға талпыну – әсіресе жан-жақты болуға деген ынта-жігері мол жас жеткіншектерге тән қасиет.

 

Осы орайда білімқұмар балалардың тілегін қанағаттандыру мақсатымен «Аруна» баспасы «1100 қызықты дерек» атты топтаманы ұсынып отыр. Сан саланы қамтитын бұл топтама жас жеткіншектердің көңілінен шығып, көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

 

 

 

Акулалар, Дельфиндер және киттер.- Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. Сер.: «1100 қызықты дерек».

 

Білуге ұмтылу – қоршаған ортаны, әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға деген құштарлық әрбір адамның бойынан табылады. Әсіресе, балалардың көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз.

 

Осы орайда өзіміз өмір сүріп отырған әлемді танып –білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатымен «Аруна» баспасы «1100 қызықты дерек» атты топтаманы ұсынып отыр. Сан алуан қамтитын бұл топтама жеткіншектердің көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап табады деген үміттеміз.

 

 

Әли А.М. Анатомия.- Астана:ТОО ««BIG Dream»,2018.-38с.

 

Анатомия сияқты күрделі де қызық пән шынайылықпен толықтырылған технологияның көмегімен зерттеу үшін жеңіл де қолжетімді болып отыр. AR адам денесін тану және түсіну үшін үлкен  мүмкіндіктерге жол ашады. Анатомия беттеріндегі егжей-тегжейлі және шынайы 4D- анимация Сізге адам органдарының жүмысы мен құрылымы туралы түсінік береді.

 

 

Әли А.М. «Астана – город будущего» «Астана –болашақ қаласы» «Astana – city of the future».-Астана: ТОО «Big Dream», возраста (4-8 классов), но можеть быть интересна каждому учителю, поскольку рассказывает о сложном просто: об интелектуальных и зеленых технологиях, которыми живет город, об умных зданиях, и удивительных вещах, о спортивной и туристической Астане. После прочтения книги читатель сможет понять как и за счет чего происходит жизнь столичного города, обеспечивается его безопасность и экологичность. Читатель сможет взглянуть на город в котором живет с разных сторон. Книга стимулирует ребенка развиваться, познавать окружающую среду, интересоваться новыми направлениями в науке, воспитывает любовь к родному городу.

 

 

Әли А.М. «Қазақ жерін мекендеген  алып жануарлар» 36с.

 

«Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты кітаптың беттерінде көне замандағы жыртқыш тиранозавр, алып-мамонт пен мүйізтұмсық тіріліп,ғажайып кезеңді көз алдыңа келтіреді.! Уақыт бойынша саяхат және тарихтан бұрынғы жануарлармен бірге фотосуретке түс! Жаныңда тарихта аты ғана қалған динозавр серуендеп жүргенін тамашала!

 

 

Әли А.М.

Мырза (Митек). ( қазақ және орыс тілінде)-Астана: «Жасыл Орда». 2013.-174 бет

В центре произведения удивительная история дружбы аульного подростка Батыя и казахского тобета, по кличке «Мырза». Воспитовая, играя, обучая щенка различным навыкам, Батый незаметно для себя становится крепким, сильным духом юношей. И став солдатом, он будет мужественно сражаться в горах Афганистана, мстить за погибших друзей, но получив тяжелую контузию в бою, на родине назовут предателем, а он потеряет память и надежду на возвращение домой, все равно, до последних дней его будет ждать вес израненный, постаревший тобет.  И своей верностью, преданностью другу он покорит сердца аульчан, вселит надежду в скорое возвращение Батыя И чудо-встреча состоится. На последних страницах повести мы узнаем, как возмужавший, много испытавший Батый все-таки успеет обнять своего верного друга, тобета. И эта встреча, какой бы трагичноона ни была, будет всем примером преданности и дружбы.

 

 

Мекен –жайымыз:

Сырым ауданы,

Жымпиты ауылы

Қазақстан көшесі,  4

Аудандық балалар кітапханаы

Тел 8 (71134) 21-6-28

 

 

Құрметті оқырмандар!

 Кітапханамыздың кітап  қоры анықтамалықтар, ақпараттық – танымдық жинақтар, өнер, көркем әдебиет және  поэзия жанрында  көптеген әдебиеттермен толығуда.

 

 Оспан Бердалы Әсілханұлы. Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін / Оспан Б. –Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2019.-744 бет.

«Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін» атты еңбек еліміз тарихының біздің дәуірімізге дейінгі кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі есімдерді қамтиды. Кітап еліміздің тарихының түрлі кезеңіне байлынысты қазақтың бабалары – сақ-скифтердің бабасы Тарғытай екені, патшалар Иданфирис пен Томирис, оның Спаргаписпен қатар сол заманның атақты ғұламасы Анахарсис, дәрігер Токсарид, ғұндардың патшасы Еділ-Аттиланың балалары мен замандастарының, байырғы түркілердің  елбастар Білге, Күлтегін  т.б. сынды тұлғаларының, Мысырды басқарған сұлтан Байбарыс және басқа түркі тектес мәмлүктермен қазақ ұлтының алқалы азаматтарының есімдерінің бір басылымға жиналуымен қызғылықты әрі құнды.

 

 

Атамекен: ақпараттық –танымдық жинақ / Құраст.С.Итеғұлов. // -Алматы: «Palitra-press», 2018.- 144 бет.

Жинаққа Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарына  қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады.Жинаққа еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

 

 

Мұқағали тілі сөздігі. /Байынқол Қалиұлы Қалиев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Шерубай Құрманбайұлы, Сәбира Сағынбекқызы Исакова.- Алматы: «Керемет медиа», 2019.-1064 б.

Қолдарыңыздағы сөздікте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 5 томдық шығармалар жинағында бар 13348 сөз бен 5035 тұрақты тіркес түгел қамтылып, олардың қайталанып қолданылған саны (282) көрсетілген. Тілдік бірліктердің әрқайсысына  анықтамалар беріліп, мысалдар келтірілген. Сол арқылы Мұқағалидың қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны айқындалған. Бұл сөздік – бір сөздік емес, ол түсіндірме сөздік пен жиілік сөздіктердің қосындысынан тұратын жиынтық (синтездік)сөздік. Яғни екі түрлі сөздіктің бірлігінен құралған сөздік.Еңбек тіл білімі қызметкерлері мен қазақ тілі мамандарына, магистранттар мен докторанттарға және мектеп мұғалімдері мен мұқағалитанушыларға арналады

 

 

Латын әліпбиі: теория және насихат.–Нұрсұлтан: «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, 2019.-280 бет+16 бет түрлі түсті тапсырма.

Ғылыми жинаққа қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты 2019 жылғы атқарылған жұмыстардың барысы туралы еңбектер енгізілді. Ғылыми мақалалар, әдістемелік, сараптамалық, сынамалық және насихат жұмыстары кітаптың әр тарауынан орын алды. Бұл жинақ әліпби, оның емле ережелері, олардың насихат шаралары қызықтыратын мамандарға және жалпы көпшілікке арналған.

 

 

 

Өнер бағытындағы әдебиеттер

 Далбағай Г.Е. Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия. /Г.Е. Далбағаай.-Өскемен: «Артекс» баспа-полиграфиялық фирмасы, 2019.-172 б.

Бұл хрестоматияға өзіндік құрылымы, орындаушылық ерекшеліктері ескерілген қазақтың окарина тектес үрмелі сазсырнай музыкалық аспабына арналған шығармалар топтастырылған. Халық әні мен күйі, халық композиторларының шығармалары, классикалық және заманауи композиторлық мектептің өкілдері жазған әр алуан бағыттағы музыкалық туындылар аспаптың дыбыстық қатарына шақталып, оның мүмкіндігі мен келбетін ашуға мол мүмкіндіктер береді. Үш бөлімнен тұратын хрестоматияға енгізілген шығармаларды музыка мектебінің оқушылары, арнайы орта білім және жоғары білім беретін оқу орындарының  студенттері оқу бағдарламасына сай қолдана алады.

 

 

 

Төлебаев М. Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары; -Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ 2019.-600 бет.

Бұл кітап негізінен Қазақстан республикасындағы мемлекет тарапынан құрылған 18 кәсіби және  60-қа жуық қажеттіліктен құрылған халық аспаптар оркестрлерінің репертуарларына пайдалану мақсатында ұсынылып отыр. Ол сондай-ақ Мұқан Төлебаевтың 34 шығармасы халық аспаптар ансамбльдерінің қолдануларына, арнаулы оқу орындарының музыка мамандарына , дирижерларға, жалпы әнсүйер қауымға арналады.

 

 

 

 

Құқық бағытындағы әдебиет

Қайранбаев Қ. Ар мен Заң алдында. / Қуат Қайранбаев.- Алматы: «Керемет медиа», 2019.-272 бет+8 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

Бұл кітапта бүкіл Қазақстан халқының назарында болған небір ауыр да күрделі сот істерін заңды және негізді шешімдермен  аяқтап, тек сот жүйесі мамандарының ғана емес, қалың елдің абройына бөленген Советхан Сәкеновтың өмір жолы мен атышулы «Қорғас ісі» процесінің барысы баяндалады. Кітаптқа арқау болған оқиғалар оның өмірінің сан қилы сәттері осындай ой-толғамымның негіді екендігінің тағы да бір дәлелі. Судья қызметінің салмағы мен сауабын көрсете алған бұл туынды оқырмандар жүрегінен орын табады деген сенімдеміз.

 

 

 

Өлкетану бағытындағы әдебиеттер

Боранқұл Амантай.Азаттық жолындағы азапты өмір. /А.Боранқұл.- Орал, «Полиграфсерфис», 2019.- 236 б.

Ұсынылып отырған тарихи-танымдық жинақ қазақтың алғашқы жоғары білімді заңгері, Алашорда үкіметін құрушылардың және оны басқарушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жаһанша Досмұхамедовке арналған. Жинақ Ресейдің, Өзбекстанның, Қазақстанның мұрағаттарынан алынған маңызды құжаттар мен Жаһаншаның тергеу кезінде берген жауаптарының негізінде жазылып құрастырылған. Бұрын айтылмаған тың деректер де кездеседі.Кітап ұлт тарихына бейжай қарамайтын

 

 

 Байхонов Серікбай. Алтай асу. Этно-роман. / С.Байхонов.-Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2019.-544 бет.

«Алтай асу» деп аталатын деректі-көркем этнографиялық романға аты әйгілі жиһанкез ғалым Николай Михайлович Прежевальскийдің 1879-1880 жылдары Төр Алтайдағы Зайсан қаласынан  басталған Үшінші Тибет сапары кезіндегі жолбасшысы Алдиярұлы Мырзаш батыр екеуі бастан өткерген қызғылықты оқиғалар арқау болған.Аты жөні, суреті КСРО заманында «Қазақстан тарихы» оқулығына енген Прежевальский–аңыз адам. Жер бетіндегі көптеген саяхатшылар секілді кәдімгі барлаушы. Кезінде дүние жүзі  мойындаған жаңалықтар ашқан ғалымды бүгінде көп адам жабайы түйе мен «Прежевальский жылқысын» ашқан адам ретінде таниды. Есімі «Қазақстан тарихы» оқулығына енген Мырзаш батыр да аңыз адам. Осы екі аңыз адам аңызға бергісіз түйе мен жабайы жылқыны іздеп, аңыз өлке Тибетке сапар шегуі оқырман қауымды бей-жай қалдырмайды деп ойлаймыз.

 

 

Тарази Ә.Шығармалары /Ә. Тарази.- Нұр-Сұлтан: Фолиант.

Көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әкім Таразидің бұл томына бірнеше киносценарий топтастырылған. Сонымен қатар қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаев жайлы естелік эссесі де осы томға енгізілген.Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Поэзия жанрындағы жаңа әдебиеттер 

Жақып Б.Желбіреп тұрған Көк Туым – биік тұғырым: Өлеңдер, поэмалар. / Бауыржан Жақып.- Алматы: «SUNSHINE plus», 2019.- 240 бет.

     «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, М.Мақатаев атындағы және Ж.Нәжімеденов атындағы әдеби сыйлықтың  лауреаты, ақын Бауыржан Жақып есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Оның «Желбіреп тұрған Көк Туым – биік тұғырым» атты бұл кітабына атамекен, туған жер, өскен орта туралы отан сүйгіштік тақырыбына жазылған жырлары топтастырылып отыр. Кең байтақ Қазақстанның әсем табиғаты мен тарихи жерлері асқақ рухпен, перзенттік махабатпен жырланады. Сондай-ақ қазақ елінің тұлғалы азаматтарының бейнелері сомдалады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Оңғарсынова Ф.Шілде. /Фариза Оңғарсынова.- Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2019.-480 бет

    Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар –ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.

 

 

 

Асқаров Е.Кірлеме, менің жүрегім.- Нұр-Сұлтан: Фолиант,  2019.-480 бет.

    Бұл кітапқа ақын, аудармашы, драматург, айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты айтыскер Ерік Асқаровтың әр жылдары жарық көрген шығармалары топтастырылып берілді. Сырға толы лирикалық өлеңдері, сонымен қатар пьеса, аударма, повесть және әңгімелері, жыр дүлділдерімен сөз қағыстырған айтыстары да кіріп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған.