• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жамбыл. Энциклопедия. / Бас ред. Тойбаева Ж. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016.- 616 бет.

Халқымыздың көнеден арна тартқан ауыз әдебиетін ХХ ғасырдағы жазба әдебиетпен жалғастырған ұлы жырау, сұңғылы жүйрік, суырып салма жыршы, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаеав- өз есімімен ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан біртуар тұлға.

Дүниежүзінің ондаған тіліне аударылып, толық жинақтары мен жекелеген кітаптары өз елімізде әлденеше реттен жарық көрген ақын шығармашылығы туралы жүздеген зерттеулер жазылып, Жамбылтану ғылымы қалыптасты.

«Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығармашылық ұжымының күшімен дайындалып, оқырманға ұсынылып отырған «Жамбыл» тұлғалық энциклопедиясы осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етті. Бұл кітап ұлы бабамыз бен ұрпақ алдындағы парызымыздың бір өтеуі болар деген ойлаймыз.

 

 

 

Физика әлемі: т.1, т. 2. Пәндік энциклопедия. / Бас ред. Ж. Тойбаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы – ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 2 томдық жинақ. 

Энциклопедияда әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды, егжей-тегжейлі, терең мазмұнды болып, баяндалып, физикалық құбылыстардың құпия сырлары қалыптасқан теория аясында түсіндірілген. «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы  тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне де ортақ болмақ. Сонымен қатар физика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлердің оқушыларына көп көмек тигізбек.

Физика пәні мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұматтар беретін құрал ретінде де пайдалануға лайықты басылым екені сөзсіз.