• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Әбділдәұлы О. Ана сүті. Орысбай Әбділдәұлы.- «Алатау» баспасы, 2017.-480 бет.

Қым-қиғаш тіршілікте әр алуан тағдыр кешіп жүрген үлкенді –кішілі жұмыр басты пенделер көңіл күйіндегі қуаныш пен ренішті, шаттық пен шарасыздықты арқау еткен шағын-шағын шығармалар шоғыры қалайда ой тереңіне сүңгітеді, қилы-қилы қызғылықты оқиғаларға ортақтастырады. Қаламгер жүрегінің лүпілі адамгершілік, адалдық мөлдірлік пен тазалық, шыншылдық пен шынайылық желісімен жетелей түседі. Отан сүйгіштік рух, патриоттық сезім, өмірге, өнерге ғашықтық атой салатын жүрекжарды жазбалар қай жастағы оқырманға  да нәп-нәзік иірімдерімен ыстық көрінері кәміл. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

  

 Бақбергенов С. Ақ боз атты ару: Роман / Сәуірбек Бақбергенов – Алматы: Жазушы, 2016.- 304 бет.

Сәуірбек Бақбергенов «Ақ боз атты» романына қазақтың ұлы ғалымы, этнографы, тарихшысы Шоқан Уалихановтың өмірінің соңғы кезеңіндегі оқиғалар арқау болған.

Романда ғалымның туған халқын шексіз сүюі, оның болашағына көзқарасы және өз басының сүйіспеншілігі, жары Айсараға деген махабаты кеңінен баяндалады.

                                           

 

 

 

 

 

 Мамырбаев Д. Жетім құлын: Хикаяттар, әңгімелер / Ділдәр Мамырбаева.- Алматы: «Алаш» баспасы», 2017.- 288бет.

«Жетім құлын» - Ділдәр Мамырбаеваның бесінші кітабы. Рухани кемелдену мәселесі адамның ішіне үңілуден басталады.Барлық жақсылық мен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде. Адамның парасат дәрежесі көтерілген сайын оның ішкі арпалысы, ішкі қайшылығы жиелейді. Ішкі таразы қай жаққа басым түседі? Оған ой-сезім әлемі бағына ма? Ділдәрдің әңгімелеріндегі кейіпкерлер осы төңіректе ойланатын жандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.