• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Өлкетану әдебиеттері

 

Балмолда М. Он төрт:/М.Балмолда .-Орал, 2017.-343 б.

 

 Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» атты бұл кітабында 1937 жылғы сталиндік қуғын-сүргіннен кейін БҚО-ның  Жалпақтал жерінде ұлттық рухтан бүршік жарған жауқазын жастардың өмірі мен ерлігі баяндалды.  Бұл кітап сізді 1940-1941 жылдары «Қазақ халқын қорғаушылар Одағы» атты ұйым құрып, Қазақстанның кеңес үкіметінен бөлініп, өз алдына дербес ел болуы жолында күрес жүргізуге жұмылған шоқ үркердің жанбай жатып өшкен қайғылы тағдырымен қайта қауыштырады. Бағзыдан өрілген, әрі Сырым, Кенесары, Исатай мен Махамбеттей ерлермен қыл шылбыры үзілмей жеткен ерлік дәстүрдің шоқ ұшығын Ғұбайдолла Әнесов бастаған он төрт жастың: «Өзіміз өлсек те, келер ұрпақтың қолына ұстатып кетсек» деген асыл арманын жазушы тарихи деректерді өзіндік таным-түсінігімен қайта қорытып, әдеби нұсқада, көркем тілмен жеткізуге талпынған.

 

 

 

Берген Мақсот. Мейірім әуендері. /М.Берген .-Орал: «Полиграфсервис» 2016.- 292б, 20 б. Фото

 

Кітап авторы–сұрапыл соғыстан соңғы орасан қиын жылдары бастан кешкен буынның өкілі. Жоғары білімді фармацевт, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Отағасы майданда қаза тауып, шиеттей бес-алты баламен қалған жалғызілікті ананың «заманына қарай амалын» жасаған жанкешті тірлігі арқасында қаршадайынан еңбекке бауыр басып, өнегелі тәрбие алған. Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ ересектермен бірдей жауапкершілікте егін орағына қатысып, аудан бойынша ең озық комбайыншылар қатарынан табылуы, мемлекеттік медалмен марапатталуы – мұндай жаста кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт. Ана образы кітапта жақсы сомдалған. Ғұмырнамалық сипаттама, суреттеулерден  ізгілік, мейірім, кісілік  қымбат қасиеттердің лебі еседі. Адам өмірін ұзарту, денсаулықты нығайту, медицина проблемаларының баяндалуы тартымды. Кітап көптеген практикалық құндылықтарға ие. Көркем, жатық тілмен әдемі әспеттелген. Жарасымды, жағымды әсерде еліктіре оқылады.

 

 

 

Бақтыгереева А. Ана әлдиі. Екі томдық таңдамалы шығармалары. I том/ Бақтыгреева А.- Алматы: «Айғаным» баспасы, 2018.-380 бет.

 

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» атты жинағына автордың нәзік сыршыл сезімдерге, ой-орамдарға толы әйел, ана, қыз тағдыры жайлы өлең- жырлары еніп отыр. Автор қоғам, ел өміріндегі әйелдердің орны, қуаныш мұңы, күйініш-сүйініші жайлы тебірене жырлайы.

 

 

 

 

 

 

                             Бақтыгереева А. Өлең деген құдірет. Екі томдық таңдамалы шығармалары. II том / Бақтыгреева А.- Алматы: «Айғаным» баспасы, 2018.-380 бет.   

 

Қазақтың белгілі ақыны Ақұштап Бақтыгерееваның бұл жинағына таңдамалы өлең-жырлары, балладалары, шетелдік ақындардың туындыларынан аудармалары, өзінің өмірден түйген ой-толғамдары еніп отыр. Қазақ поэзиясында өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгер әрқашан осы замандағы қоғамды, адамды толғандырып отырған әлеуметтік құбылыстарды өз туындыларына арқау етіп, елдік мақсат-мүдде тұрғысын жырлайды. Кітапқа сонымен қатар ақынның қаламдас аға-інілерінің бір топ арнаулары да еніп отыр.

 

 

 

 

Құсайынқазы Д. Қолтаңба: өлеңдер/Д.Құсайынқызы.–Алматы.-2016.- 264.

 

Батыр ана, ісмер, ақын Дәмелі Құсайынқызының әр жылдары «Әке», «Мұра», «Із», «Тұлғалар» атты жинақтары жарық көрген болатын. Онда өлеңдері мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары және қолөнер туралы еңбектері енген. Ал автордың бұл жинағына ел азаматтарының ізгі тілектері мен соңғы жылдары жазған өлеңдері және ел арасында кеңінен айтылып жүрген әндері нотасымен беріліп отыр. Біраз жылдан әнші, сазгер Ажар Сейтеновамен шығармашылық жұмыс жасап  келеді. Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы мұражайда 45 жыл сақталған Д.Құсайынқызының 2 түскиізі де еніп отыр. Кітапта сондай-ақ Елбасы Назарбаевтың авторға жазған хатындағы қолтаңбасынан бастап, ел азаматтары мен көрнекті ақын жазушылардың, ұстаздардың Дәмелі апайға деген ізгі ниеттері мен жылы лебіздері енгендіктен «Қолтаңба» деп аталған.

 

 

 

Мұштанова Д. Аңыз болған абысындар. Орал: «Гүлім» баспаханасы, 2018.-144 бет.

 

Бұл кітапта халқымыздың ұлттық қағидалары, ағайындық-бауырмалдық қасиеті болған уақиғалар негізінде баяндалады. Қазақы руханият қазынасы ретінде оқырманға  берері мол, өнеге-үлгі боларлық шығарма.

 

 

 

 

 

 

 

Пусырман С. В сердцах поколений Жубан.- Уральск: WESTA, 2019.-168стр.+28 стр цв. вкладки

 

Книга «В сердцах поколений Жубан» предназначена для широкого круга читателей. В книге отражается личность поэта Жубана Молдагалиева как государственного деятеля, патриота своей Родины. Поэт, герой ХХ века призывает молодежь любить свою родину, свой родной край. Быть всегда начеку на страже Родины. Книга ценна своим читателем. Книга также посвящается молодежи, чтобы они читали монолог поэта-патриота, обращенный к родной земле, ее прошлому и настоящему. Чтобы молодежь читала и учила и поэмы великого казахского поэта Жубана Молдагалиева и были патриотами Казахстана.

 

 

 

Шүйіншалиева М. Ар азабы (Пьесалар, хикая мен әңгімелер).-Алматы. «Үш Қиян», 2017.- 420

 

Бұл – соңғы оншақты жылдың  бедерінде шығармалары оқырман көзайымына айналып үлгірген автордың бесінші кітабы. Проза жанрында қалам тартып жүрген Мираның өзіндік қолтаңбасы мен ойының жүйріктігі, ізденгіштігі қуантады. Кейіпкерлері сіз бен біз  өмір сүріп отырған бүгінгі қоғамның   адамдары. Яғни, таныс, бейтаныс, бейнелер. Әңгіме, хикаяттарымен бірге берілген екі пьессаның да арқауынан алуан тағдырды көреміз.Олардың өзара қарым –қатынасы, өмірдегі іс-қимылдарын жазушы жетік сомдаған. Шығарма тілі жатық.Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

Ширмединұлы Б. Дәптер: жыр кітабы/Б.Ширмединұлы.-Алматы; «Жазушы» баспасы, 2018.-112 бет

 

Осыған дейін өңірге айтыскер ақын ретінде белгілі болған Бауыржан Ширмединұлы өзінің тұңғыш жыр жинағына поэзиялық туындыларын енгізген. Өмірден сөйлеген өлеңдері арқылы ақын оқырманын өзін тануға шақырады. Жас айтыскердің арғы басы айтыс табиғатымен аталас, түбі ағарту идеясымен үндес жазба жырлары жұрт жүрегінен орын алады деген үміт бар.

 

 

 

 

 Халиолла Б. Жан тебіреніс. /Б.Халиолла Алматы: «Ан Арыс» баспасы.-2018.-180 б.

 

Есімі өлең десе елең ете қалатын қауымға танымал бола бастаған Бауыржан Халиолланың жаңа жыр жинағының берері мол. Ақын өлеңдерінде дәуір көріністері мен азаматтық үні, жан тебіренісіндегі ерсілі –қарсылы ағыстар өте шынайы берілген. Сондай-ақ, кеңістік пен уақыт өлшемін лирикалық кейіптеуі кез келген оқырманды ойландырмай қоймайды. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 

Жұмағалиев А.Өлмес өмір дастаны. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст. Ә.Сәрсенбаев.- 3-ші басылымы.- Алматы: «Арыс», 2015.- 288 бет.

Көпшілік оқырманға арналып отырған бұл кітап –Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр жерлесіміз, ақын атамыз Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына арнап, 1985 жылы Әбу Сәрсенбаевтың редакциясымен жарық көрген ақынның «Өлмес өмір дастаны» атты жыр жинағының екінші басылымы. Өмірден өте ерте кеткен ақиық ақынның қастерлі есімі жас ұрпақ жадынан ұмытылмауы тиіс деп санаймыз

 

 

 

 

 

Жайсаң Ақбай.Мағишат (өмір, тіршілік туралы толғау).-Орал , «Полиграфсерфис», 2006 ж.-274 бет.

Жайсаң Ақбай өлке тарихы, соңында өшпес із қалдырған тұлғалар туралы бірнеше туындылардың авторы бұл жолы жұртшылыққа өзінің өмір жолын, жеке тіршілігін, заман құбылыстары және қоғамдық қарым –қатынастармен ұштастырып «Мағишат» кітабында сыр шертеді. Сонымен қатар мемлекеттік, қоғамдық істер және өнер саласындағы  замандастары жөнінде, өзі еңбек еткен туған өлкеміздің ағарту, мәдениет салаларына байланысты мағұлыматтарды көпшілік ықыласына ұсынады.

 

 

 

 

 

Ақбай Ж. Зори Ак Жайык.-Уральск: WESTA, 2014.- 236 стр.

На страницах «Зори Ақ Жайық» освещение исторические следы памяти видных личностей, а также интеллектуальной элиты Западного региона Казахстана. Книга написана в жанре историко-журналистской публицистики.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отты жылдар жаңғырығы (анықтамалық кітап).- Орал,2015.- 352 б.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен шығарылды. Жоба жетекшісі: Сырым ауданының әкімі А.Шыныбеков

Анықтамалық кітап көпшілік оқырманға арналады. Екінші Дүние жүзілік соғыстың көзін көрген куәгерлер, бүгінде арамызда жоқ ардагерлер және от ортасынан оралмаған боздақтарды түгендеу мақсатында жазылды. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұрапыл соғыс жылдарында от кешкен майдангерлердің есімдерін мәңгілік есте сақтау-ұрпақ борышы.

 

                  

               

 

Менің кіші Отаным: анықтамалық кітап

Сырым ауданының жер-су атаулары және тарихи орындар / Кітап Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен шығарылды. Жоба жетекшісі : Сырым ауданының әкімі А.Шыныбеков.- Орал.- «ШұғылаПринт», 2015-.111 б. Биылғы жылы Ассамблеяның 20 жылдығы аясында қазақт хандығының -550 жылдығына орай бұл анықтамалық кітап көпшілік оқырманға арналады.Халқымыздың сан ғасырлар бойы халықтық негізде, болмаса үкіметтің шешімімен берілген жер-су, ауылдарының атаулары уақыт өткен сайын өзгеріп , жаңарып отыруы заңдылық. Ата-бабамыздың көне замандардан бері аталып келе жатқан атаулардың бүгінде көнеріп қолданыстан шығып қалғандары да жетіп артылады. Сондықтан осы жоба аясында ұмыт қалған жер-су атаулары мен ауылдардың тарихын өз өлкеміз бойынша  саралап, зерделеп оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

 

 

 

Анатолий Р.Қ. Заман- ай (естеліктер мен ақпараттар жинағы).- Орал: «Ағартушы» орталығы, 2016.- 56 бет, 16 бет фото.

Ұсынылып отырған кітап зерттеу жұмысының негізінде туындаған. «Радиоактивті «радиациялық) сәулелену» тақырыбында өрбітіліп және де радиациялық апат аймақтары Семей полигоны мен Чернобыль апатында  әскери борышын өтеген азаматтарды насихаттау бағытында,  «Семей ядролық сынақ полигонына – 25 жыл», «Чернобыль АЭС апатына -30 жыл»  толуна орай естелік кітап ретінде шығып отыр. Кітаптың басылып шығуына демеушілік білдірген Сырым аудандық әкімдігіне алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

                                     

 

Молдашев Ғ.Қ. -ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор

Өшпес бейнең мәңгі естен (Нөкен Молдашевтың әріптестері мен шәкірттерінің және туыстары мен достарының естеліктері).Ғ.Қ.Молдашев,- Орал:»Полиграфсерфис»,2016.-164 б.

  Бұл кітап Ақ Жайық өнерінің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан жан Нөкен Молдашевтың туғанына 85 жыл толуына орай оның рухына арналады. Мұнда Нөкен Молдашұлының өмірбаяндық және еңбек жолындағы мәліметтер берілген.

Оның адамгершілік, іскерлік қырлары кеңінен сөз болады. Сондай-ақ соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл өмірі, әсіресе Жымпиты ауданының, соның ішінде «Қособа» кеңшарын әлеуметтік-экономикалық жағдайы турасында баяндалады. Кеңшар директоры болған Нөкен Молдашевтың бастамасымен мал шаруашылығын дамыту бағытында облыс көлемінде алғаш рет қолға алынған жаңа бастамалар кеңінен көрініс тапқан.

«Жаяудың шаңы, жалғыздың аты шықпас» демекші, автор сондай-ақ, Нөкен Молдашұлының жанынан табылып, кеңшардың дамуына үлес қосқан жандар туралы да тебірене баяндайды.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.