• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

 

 "Өлмейтұғын артына сөз калдырған" ұлы Абайдың   шығармаларымен танысқыңыз келсе, кітапханаға келіңіз. 

 

Құнанбаев Абай.Хикмет кітабы.Книга мудрости. Book of wisdom – Алматы, 2011 – 568 бет.

Кітапта Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара  сөзі мен өсиеті, оның қағидалары мен тұжырымды ойлары берілген.

 

 

 

        Абай. Қара сөз. Книга слов.- Алматы: Атамұра, 2016.- 200 бет.

Абайдың сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік туралы ұлағатты қара сөздерінің бұл басылымы көркем безендіріліп, екі тілде шығарылып отыр.

 

 

 

     Абай Құнанбаев.Адам деген даңқым бар: Өлеңдер .- Алматы, RS; Халықаралық Абай клубы, 2018.-276 б.

Ұлы ақынның бұл кітабына «Менің 100 кітабым» топтамасымен  «Адам деген даңқым бар» өлеңдер,  «Имя твое – человек» лирика, «Your name is a man»  Poetry  деген   бөлімдерге бөлініп, өлеңдері үш тілде беріліп отыр.

 

 

 

Абай(Ибраһим  Құнанбаев) Шығармалары.- Алматы: Жібек жолы» баспа үйі, 2019.- 488 бет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен алдағы жыл (2020ж) ұлы ақын Абайдың 175жылдық мерейтойы боп жарияланды. Осыған орай ақынның сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қарасөздері қамтылған шығармалар жинағы ұсынылып отыр. Абай шығармаларының біржола орныққан, тұрақты (канондық) мәтінін жариялау ісін Мұхтар Әуезов басқарған бұл басылым 1957 жылы Қазақтың көркем әдебиет баспасынан жарық көрген болатын. Қолдарыңыздағы кітап сол басылымның негізінде дайындалды.

 

 

 

Абай.Я – человек-загадка... Перевод с казахского. Астана: Аударма, 2009.- 504 стр.

Кітапта Ұлы ақынның өлеңдерінің орыс тіліндегі  аудармасы берілген.