• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жабаев Жамбыл.Шығармалары: 4 томдық / Жамбыл Жабаев. 1917 жылға дейінгі өлеңдер мен айтыстары. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі.- 2016.т.1

Жамбыл Жабаевтың төрт томдық шығармалар жинағына жыр алыбының бұрынғы басылымдарында жарық көрген туындылары түгел енгізілді. Сонымен қатар бұрын жарияланбаған, ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасынан, Президенттік архивтен, Жамбыл Жабаевтың мемориалдық мұражайы қорының қолжазба қорынан, т.б. табылған ақын шығармалары алғаш рет осы басылымға беріліп отыр. Жамбылдың  бұған дейінгі жинақтарына кірмеген, мерзімді баспасөз бетінде шыққан  материалдар да алғаш берілді.

 

 

 

 

 

Жабаев Жамбыл.Шығармалары: 4 Томдық / Жамбыл Жабаев. Жыр дастандар.- Алматы, «Айғаным» баспа үйі.- 2016. Т. 2.

Қазақ халқының аса қуатты эпостық дәстүрі жаңа дәуірде өзгеше жалғасын тапты. Соның бір көрінісі ақын, жыршылардың ежелгі эпикалық  аңыздауларды қайта  жаңғыртып айтып келуі.   

Бұл жинаққа ақынның Өтеген батыр. (Хикая), Сұраншы батыр, Көрұғлы, Қыз Жібек (Қисса) Жыр- дастандары еніп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

Әбуғазы Мұрат.  Қазақтың домбыра өнері / Мұрат Әбуғазы.- Алматы: «Нұрсәт» баспасы, 2016.- 480 бет.

Қазақ халқының сан салалы өнерінің ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы – домбырашылық-күйшілік дәстүрі болып саналады. Белгілі домбырашы, музыка зерттеуші Мұрат Әбуғазының бұл еңбегінде домбыра аспабы мен күйшілік өнер жан-жақты, кешенді түрде зерттелген. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде домбыра аспабының шығу тегінен бастап, күйшілік өнердің қалыптасуы және оның даму кезеңдері,тарихи және мәдени тұрғыда қарастырылған. Екінші бөлімде қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі күйшілік мектептер, олардың көрнекті күйшілік-композиторлары және күйші- орындаушылары жөнінде мол мағлұматтармен қатар ең таңдаулы күйлердің ноталары берілген. Үшінші бөлімінде домбыра аспабының жасалу жолдары мен атақты шеберлер, күй өнерін зерттеуші ғалымдар туралы айтылған. Кітап жоғары және орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, музыка зерттеушілеріне сонымен қатар, жалпы өнерсүйер жұртшылыққа арналады.

 

 

 

 

  Сидоркин В. Суретшілер әулеті. Е.Сидоркин. Г.Ысмайлова. В.Сидоркин: Фотоальбом. /В. Сидоркин.- Алматы: БПКА, 2016.-164 бет.                                          

Сидоркиндер әулетінің еліміздің өнеріне қосқан еңбегі зор. Сидоркиннің есімі Қазақстан бейнелеу өнерімен тығыз  байланысты. Еңбектерін Қазақстанды насихаттап, суреттеуге арнаған Е.Сидоркин Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына, «Сәкен Сейфуллинді оқи отырып», «Қазақ эпосы» топтамасына, т.б. қазақ – салт дәстүрімен байланысты көптеген суреттер салды. Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Е.Сидоркиннің туындылары жиырмадан аса елде көрсетіліп жоғары бағаға ие болды.  Е.Сидоркиннің жары, суретші Г.Ысмайлова еліміздің театр, кино өнеріне өлшеусіз үлес қосты. Г.Исмайлова ол өзінің қаламымен ғана емес, «Қыз Жібек», «Ботагөз», т.б. фильмдерде ойнап, театр мен кинода сомдаған тамаша рөлдерімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Г.Ысмайлованың туындылары еліміздің теңдесі жоқ құндылықтары қатарында аталады. Е.Сидоркин және Г.Исмайлованың отбасында өмірге келген , осы әулеттің мұрагері  В. Сидоркин де тамаша суретші. Негізгі жанры – портрет. Шығармашылық тәсілі – реализм. Еңбектері Қазақстанда ғана емес көптеген шетелдерде танымал. Альбомда осы шығармашыл отбасының еңбектері орын алған.

 

 

 

 Қазақтың дәстүрлі 1000 әні [Мәтін] = 1000 Казахских традиционных песен = 1000 Kazakhs traditional song.- [б.и.]: EL production company, Ltd, 2010.-175 б.-(Мәдени мұра).     +50CD.-каз., орыс., ағылшын тілдерінде

 «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» аталатын бұл антологияға қазақтың барлық өңірлерінде айтылатын, сондай-ақ шетелдегі қазақтар арасында  сақталған халық әндері мен халық әнші-композиторларының туындылары түгелге жуық еніп отыр. Ел ішінен жазылып алынған ғұрыптық әндер мен қара өлең  үлгілері де  жұртшылық назарына іріктіліп ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі  [Кешен]=Казахских традиционных кюев.- Астана: EL production company, Ltd,2009.-205б. (Мәдени мұра). +41CD.- Мазмұны:Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

«Қазақтың дәстүрлі 100 күйі» аталатын бұл антологияға Шығыс Қазақстан, Жетісу, Арқа, Қаратау, Сыр, Батыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде қалыптасқан күйшілік дәстүр үлгілері толық қамтылып, дәстүрдің жалғасы іспетті қазіргі саз, жаңа заман күйлерінің таңдаулы нұсқалары енді. Сондай-ақ, шетелдегі қазақтардың атажұртқа қайта оралған күй мұрасы да осы басылым арқылы халқымыздың рухани  игілігіне айналмақ.Қазақтың асыл мұра, күй қазынасын барынша мол қамтыған бұл тұрпаттағы аса көлемді  антология тұңғыш рет шығарылып отыр.