• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Оспан Әлсейіт. Сезім сәулесі:ублицистикалық мақалалар, әңгімелер /Әлсейіт Оспан.-Алматы:«Айғаным» баспа үйі, 2016.- 190 б.

 Жазушы Әлсейіт Оспанның бұл жинағына еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жеткен толайым табыстары жайлы ой-толғаныстары, публицистикалық мақалалары, көркем туындылары еніп отыр. Автордың шығармаларынан заман тынысы айқын аңғарылады.

 Кітаптың тілі көркем, дәйектері орнықты, ойлары салмақты.

 

 

 

 

 

 Адырбек Көлбай. Тәуелсіздікке талпыныс: публицистикалық мақалалар/Көлбай Адырбек.- Алматы:«Айғаным» баспа үйі, 2016.- 380 бет

Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің бұл жинағына еліміздің тәуелсіздік алуына баспалдақ болған оқиғалар өзек болған. Автор Кеңес Одағының тарауына аса күшті ықпал еткен Желтоқсан оқиғасы жайлы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды.

 

 

 

 

 

 

 

 Тоқашбаев Марат. Жан –дауыс: публицистикалық мақалалар /Марат Тоқашбаев.- Алматы: «Нұрсәт» баспасы, 2016.-380 бет

Жазушы-журналист Марат Тоқашбаевтың есімі республика жұртшылығына жақсы таныс. Қаламгердің «Жан-дауыс» атты жаңа кітабы ел мен жер тарихына қатысты публицистикалық еңбектерінен, зерттеу жұмыстарынан, соңында айта жүрерліктей із қалдырған тұлғалар туралы очерктерінен құрастырылған. Әлеуметтік мәселелер мен ұлт перзенттерінің сан тарау тағдыры – жинақтың басты тақырыбы

 

                

                 

 

 

 

          

Сәулебек Айтбай.Қамшысөз: публицистикалық мақалалар /Айтбай Сәулебек.- Алматы: «Қаламгер» баспасы, 2016.- 342 бет.

Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ондаған кітаптың авторы Айтбай Сәулебектің есімі республикаға кеңінен танымал. Атап айтар болсақ, «Ғарышта –қазақ!» («Айналайын, Земля!», қосалқы автор), «Ақ пен қара», «Тәуелсіздік нұры», «Жүректегі қызғалдақ»,

«Махаббатым–өз жүрегім», «Елбасының алтын бесігі», «Золотая калыбель Президента», «Тарихы терең Тартоғай» (энциклопедия), «Қасиетті қала», т.б. еңбектерімен қалың оқырманға жақсы таныс.

Публицист, жазушы әрі ақын ретінде көпшіліктің көзіне түскен Айтбай Сәулебектің «Қамшысөз» атты жинағына тәуелсіздік жылдарында жазылған сан алуан жанрдағы публицистикалық жазбалары, зерттеулері, әдеби дүниелері топтастырылған.

 Автордың тілі жатық, қарапайым. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 Сәттібай Көсемәлі. Менің елім: публицистикалық мақалалар / Көсемәлі Сәттібай.- Алматы: «Нұрсәт» баспасы, 2016.- 396 бет.

Белгілі жазушы –журналист, публицист Көсемәлі Сәттібайдың «Менің елім» атты публицистикалық жинағында қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі тұстағы халықаралық аренада алған орны, әлемдік өркениетке қосылып демократиялық қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері жайлы кеңінен айтылады. Автор нақты мәліметтер мен дәйектерге сүйене отырып, еліміздің, қоғам өмірінің әртүрлі салаларында жеткен жетістіктері жайлы тереңнен ой қозғайды. Қаламгер өзі қызмет істеп жүрген оңтүстік өңірі, оның ішінде Жамбыл облысының тыныс тіршілігі жайлы, экономика мен өндіріс, мәдениет пен өнер салаларындағы оң өзгерістерді тілге тиек етеді.

                      

 

 

  

 Бөкейхан Әлихан. Шығармалары – Сочинения /Әлихан Бөкейхан.- Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2016.- Қазақша, орысша.

 

Бұл том Ә.Н. Бөкейханның 1889-1903 жылдар аралығындағы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалаларын, ғылыми зерттеулерін, 1897-1901 жылдары Қазақ облыстарын зерттеген «Щербина экспедициясының» материалдарын, Л.Н. Толстой шығармаларынан аударған әңгімелерін (көркем аудармаларын), өтініштерін (прошения), хаттарын және хаттамаларды қамтиды.

 

 

 

 

 

 Балтабаева Г.С.   Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі: Повестер мен әңгімелерге шолу, талдау. / Г.С. Балтабаева.- Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС: «Дәстүр», 2016.- 288б.

Кітап соңғы жиырма шақты жыл ішіндегі жарық көрген повестер мен әңгімелерге шолу, талдау, жүйелеу арқылы қазіргі қазақ прозасының көркемдік болмыс-бітімін байыптауға арналған. Қазіргі қазақ повестері мен әңгімелерінің антропологиялық, виртуалдылық пен мистикалық, орнаментальдық ерекшеліктерінің төл әдебиетімізден алар орнына, олардың сипатына  айқын, нақты түрде алғаш рет теориялық негізде талдау жасалған.

Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның, жалғыздық, айқай, айна сарынының көркемдік қызметі пайымдалып, поэтикалық мәтін аясында қарастырылған.

Кітап жалпы оқырманға арналған.

 

 

 Ісімақова А.С. Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану:(Әдеби мақалалар).Монография./А.Ісімақова.-Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС: «Дәстүр»,2016.- 384б.

Монографияда Тәуелсіздік кезіндегі қазақ әдебиеттануының теориялық мәселелері, бүгінгі постмодернистік зерттеулер, қазіргі жамбылтану және әдебиетанушы ғалымдар Қ. Мұхамедханұлы, Б.Құндақбаев, М. Базарбаев, Т. Жұртбай, Б.Ыбрайым, А.Егеубай, Ғ.Мұқанов, Т.Шапайдың әдебиеттанулық еңбектері, жазушылар Б.Нұржекеұлының, Ж.Шаштайұлының прозасы, ақындар М.Мақатаевтың, Қ. Бегмановтың поэзиясы, сондай-ақ қазіргі әдебиет теориясының хал-ахуалы әлемдік әдебиеттану контексі тұрғысынан жаңаша қарастырылады.

Бұл кітапты қазіргі қазақ әдебиетінің тарихын, теориясын жазуда, түрлі бағдарламалар құрастыруда, ЖОО студенттеріне әдебиеттану пәнінен жүргізілетін дәрістерде, арнайы курстар мен семинарларда пайдалануға болады.

 

 

 

 Жалбағаев Е.  Қазақтың арғы атасы кім? Номадтар, сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар (Қазақ тарихына бейресми көзқарас).- Алматы: «Білім» баспасы, 2016.- 176 бет.

 

     Кітап – әлемдік тарихи маңызы грек-рим, парсы мәдениетімен парапар, Еуразияда бірнеше империялық мемлекеттер орнатып, адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан түркілердің және олардың тікелей мұрагері қазақтың да тарихынан сенімді деректерге негізделген соны мәлімет береді, бірақ еңбек ресми тарих емес, мамандығы дәрігер автордың жеке көзқарасы. 

Өз елінің тарихын тереңірек білгісі келетін жастар мен ізденуші ғалымдарға және көпшілік оқырманға арналған, жатық тілмен жазылған, ой қозғайтын оқшау пікірлі шығарма

 

 

 

 Лама Шариф Қ. «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң –қасіретің»/Қ.Лама Шариф.- Алматы: «БПКА»   ЗТБ, 2016.- 296 б.

 Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани   адамгершілік идеялардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыз үшін зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни   этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда.   Автор өз кітабында діннің қоғамдағы ролі мен маңыздылығына қатысты мәселелерді қозғайды.

 

 

 

 

 

 Сәттібайұлы Қ. «Шамаң келсе , шындықты айт!...: Эсселер, сұхбаттар /Сәттібайұлы К..- Алмат: «Қаламгер»,  2017.-387 бет.

Белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаны өзіне ұстаз санамайтын ақын, жазушы журналист кемде-кем. Солардың бірі – талантты жазушы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлы. Ол қолдарыңыздағы кітабында қаламгер ағасының шындық деп шырылдаған қайраткер келбетін шынайы шеберлікпен сомдап, оның қоғам мен әдебиеттегі алған асулары мен қол жеткізген биігін көркем тілмен қағазға түсіріпті.

Әлем әдебиетінің алыптарымен болған әңгімелерден, естеліктерден және эсселерден Шерағаңның бейнесін көріп, болмысын танисыз.