• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

ЖОЛАМАНОВ Мұратбек Тауфиқұлы (1966-2000) 1966 жылы 13 қазанда Сырым ауданының Қоңыр ауылында дүниеге келген. Жосалы орта мектебін бітірген.

1985-1988 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің көркемсурет-безендіру бөлімінде оқыған. 1990 жылы Алматыдағы көркемсурет училищесінің живопись бөлімін үздік  бітірген. 1991-1996 жылдары Алматы қаласындағы Театр, кино және көркемсурет институтында оқып, үздік бағамен аяқтаған. «Хан көтеру» атты дипломдық жұмысы ең үздік картина ретінде бағаланып, сол институттың қорында, ал өзі сонда қызметке қалдырылған.

1991 жылы Сырым Датұлының 250 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен республикалық конкурста «Сырым батыр» атты портреті жүлделі орын алды.

М.Жоламанов институт жанында Қазақстан жас суретшілер ұйымын құруға жетекшілік етті. Бірнеше мәрте республикалық көрмелерге қатысқан.

Денсаулығына байланысты  1997 жылы елге оралды.

♦ Тұңғыш жеке көрмесі 1999 жылы Орал қаласында өтті.

♦ М.Жоламановтың  артында «Құлагер», «Рух шақыру», «Еділ-Жайық», «Күлтегін мен Білге қаған туралы жыр», «Сарын», «Қазанат», «Тұмар», «Қорқыттың теңізге келуі», «Керей-Жәнібек», «Жаман ырым немесе кағанаттың  құлауы», «Қызғыш құс», «Жекпе-жек», «Аттилланың елесі», т.б. картиналары қалды.

♦ Дарынды жас суретшілік өнерімен қатар өлең жазумен де айналысқан.

♦ Творчестволық еңбектері өз елімізде және Түркия, Польша, Англия сынды шет елдерінде шығарылды.

 

Әдебиеттер:

  1. Жоламанов М. Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. -Алматы: Арыс, 2002. - 285-286 бет.
  2. Жоламанов М. Өмірдерек //Алаштың ақ ордасы: жалпылама шолу. - Орал, 2004. - 121 бет.
  3. Жоламан М. Өмірдерек //«Жазира - Жайық». Батыс Қазақстан суретшілері. - Орал, 2010. - 200 бет.

Жоламан М. Құлагер тағдыр: альбом /құраст. А.Бақтыгереева, Г.Жұбаниязова. - Алматы, 2007. - 78 бет.