• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

 

Бөлім меңгерушісі: Қажығалиева Дина Ғарифоллақызы
Тел: 8 (71134) 31-1-48

  • Абонемент бөлімі

Абонемент-кітапханадағы әдебиеттерді үйге бере алатын бөлім. Кітапхана оқырманы болу осы бөлімнен басталады.. Оқырмандар құрамы әртүрлі: ғылыми қызметкерлер, студент, оқушы жастар, әр саланың мамандары, зейнеткерлер және тағы басқалары. Қазіргі заманғы көркем және ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға  абонемент бөлімі ұсынады. Үйге әртүрлі  әдеби-көркем журналдарды алуға болады. Кітап қоры оқырмандардың еркін пайдалануына берілген.
Кітапхана жұмысының міндеті:

  • Кітапханаға оқырмандарды үнемі тартып отыру;
  • Кітапхананың қорын насихаттау;
  • Кітап қорын ретке келтіре отырып, алфавиттік және жүйелі каталогтар ұйымдастыру;
  • Мәдени көпшілік жұмыстар жүргізу;.
  • Жыл бойы  жаңа кітаптармен, бережақ оқырмандармен жұмыс жүргізу;
  • Өткізілетін жұмыстарға материалдар жинақтау;
  • Жаңа әдеби кітаптардың ұсынба тізімдерін жасау. 

Кітапханашының күнделікті жұмыс міндеті: 
- Оқырмандарды кітапханаға тарту
- Бережақ оқырмандардың формулярларын қарап, тізімін жасау;
- Баспасөз беттеріндегі ағымды жаңалықтар легіне карточкалар толтырып, картотекаларды толтырып отыру.Мектеп, лицей оқушыларына, жасөспірімдерге, қызметкерлер мен мамандарға, ардагерлерге қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттантырып, олардың рухани дамуына ықпал етеді. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді үнемі насихаттап, кітап көрмелері, мәдени шаралар ұйымдастыралады.

Оқу залы
Бөлімнің міндеттері:

  • оқу үрдісіне көмек көрсету.
  • оқу залының қосалқы қорын қалыптастыру.
  • оқырманға қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру. 

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • кітап басылымдарымен жедел және сапалы қызмет көрсету.
  • қажетті тақырыпта ақпаратты іздестіру және жедел тауып беру.
  • ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңестік көмек беру.
  • Оқу залы қорын пайдаланып анықтама орындау.
  • кітапхананың негізгі кітап сақтау бөліміне алдын - ала тапсырыс беру.
  • Тақырыптық, ақпараттық көрмелер ұйымдастыру
  • Жаңа түскен әдебиеттермен таныстыру.
  • Ақпарат күндерін өткізу.

Оқу залында әдебиеттердің барлық саласы бойынша кітаптар мен брошуралар бар. Бөлім өлкетану әдебиеттерімен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, оқырманның барлық сұранысына жауап беретін әдебиеттермен толықтырылып отырады. Оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б. оқырмандар сұранысын өтейтін ғылыми, көпшілік әдебиеттер бар.
Кітапханашылар оқырмандардың жүйелі білім алуына, ұлттық және әлем мәдениетінің құндылығын бағалай білуге, салауатты өмір сүруге, әлеуметтік жағдайға байланысты бейімделуге ықпал ету, оқырмандар арасында ағымдағы оқулықтарды, ғылыми – танымдық және елтану әдебиеттерін, қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің таңдаулыларынан, өнер жайындағы материалдарды насихаттауда, оқырмандар үшін атаулы даталарға, еске алынатын күндерге, өзекті мәселелерге арналған кітап көрмелерін шығарып, насихаттауда еңбектеніп келеді.