• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қадыр Мырза Әлидің ескерткіш мүсіні.

Қазақстанның халық жазушысы,   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында 2015 жылдың маусым айында аудан орталығында ақынның ескерткіш мүсіні бой көтеріп,салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш- мүсіннің авторы, мүсінші Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Өмірзақ Шанов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Абдолла Жұмағалиевтің ескерткіш-бюсті

2015 жылдың 6 мамыр күні майдангер ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдың мерейтойына орай есімі берілген Жосалы ауылдық округіндегі мектептің алдында Абдолла Жұмағалиевтің бюсті қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш.    

Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш Жымпитыдағы Ауған саябағында орналасқан. 2013 жылы бой көтерген саябақтың авторы аудандық мәдениет үйінің суретші безендірушісі А.Кажимовтың жобасы бойынша жасалған.  Ескерткіште үлкен жалын арасындағы жұлдыздың ауған таулары арасынан бой көрсетіп тұрған бейне.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жымпиты ауылындағы «Обаға қарсы күрес» мекемесі - мемлекеттік қорғауға алынған ғимараттың бірі. 

 

Алғашқы аурухана. ХХ ғасырдың басында  аудандағы оба ауруының ірі өршуі және Жымпиты  обаға қарсы күрес зертханасының ұйымдастырылуы                көрсетілген. ХХ ғасырдың басында Ресейдің  оңтүстік- шығыс территориясындағы обаның жиі  эпидемиялары оның себебін зерттеу үшін және күресу үшін арнайы обаға қарсы қызметтердің ұйымдастырылу қажеттігі  туындады. Күнбатыс Алашорда үкіметінің мүшесі, Жымпиты земстволық  ауруханасының меңгерушісі Дәулетшаһ Құсепқалиев, саратовтық  эпидомиолог-дәрігер Г.Кольцовпен бірге алғаш қазақ даласында обаға қарсы егу  жұмыстарын жүргізді.Жымпитыдағы зертхананы 1912 жылы дәрігер Дубченко басқарды. Зертхана алғашында Жымпиты ауруханасының жұқпалы ауру бөлімінде жұмыс жасайды. 1909 жылы Сырым ауданы территориясында пайда болған Қазақстанның батысындағы ірі оба эпидемиясы еді. 1909 жылы күзде оба эпидемиясы Жымпитыдан 12 шақырым қашықтықтағы екі ауылда – Төменқоға және Ханкөлде байқалды. 1910 жылы қаңтарда эпидемия тараған ауылдар күзетке алынды. Эпидемияны жоюда сол кездегі дәрігердің үлкен тобы: 9 дәрігер (4 дәрігер Петербургтен), 20 фельдшер, 23 санитар жұмыс істеді. Бұл эпидемиялық обадан 196 адам қайтыс болып, 31 баспананың тіршілігі жойылды. Сырым ауданының обаға қарсы күрес бөлімшесі - қазіргі заманға лайық құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа зертханасы бар, тәжірибелі қызметкерлері бар мекеме.

Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы

 

 Нысанның атауы: Сырым батыр кесенесі

 Салынған уақыты: 2007 жыл

 Авторы: О.В.Назарчук

 Тарихи мінездемесі:

Сырым шыққан төбеге қойылған белгі - Шолақаңқаты ауылдық округі аумағында, Тоғанас ауылының шығыс  жағалауында 12 км қашықтықта орналасқан. Шамамен 1790 жылдары Сырым Датұлы дөң қаздырып, топырақ үйген, содан Сырым шыққан төбе атанады. Биіктің үстіне бекет орнатып, төңірекке шолу жасап, жаудың қимылына алыстан бақылау жасаған. Қариялардың айтуы бойынша, Сырым сарбаздары төбенің етегінен жоғары үзіліссіз көтеріліп, төмен түсіп, орасан көп қол болып көрініп, жау барлаушыларын жаңылыстырған. 2007 жылы С.Датұлының 265 жылдық мерейтойына орай бой көтерген кесене Самара-Шымкент тас жолының бойында орналасқан. Қазір төбе мемлекет қамқорлығына алынған. Төрт тұғырлы «Сырым шыққан төбеге» қойылған белгі - сәулет өнерінің ішіндегі әдемісі.

 

  

 

 

 

   Сырым шыққан төбенің сыртқы көрінісі

 

 

 

  Нысанның атауы: Сырым Датұлы ескерткіші

 Салынған уақыты: 2002 жыл 4-5 қазан

 Авторы: И.М.Айденов, Суретшілер кеңесінің төрағасы А.Тастаев, А.Ерғалиев.

 Тарихи мінездемесі:

Сырым Датұлы ескерткіші 2002 жылы айтулы шешен, айбынды батыр, ел бастаған  көсем Сырым Датұлының туғанына 260 жыл толуына орай батыр атындағы саябақта  орнатылды. Тұғырға орнатылған батыр бейнесі аудандағы құнды тарихи ескерткіш  болып саналады. Ескерткіш бетоннан жасалған, биіктігі - 4 м 85 см. Ескерткіштің авторы  - И.М.Айденов,суретшілер кеңесінің төрағасы А.Тастаев, мүшелері А.Ерғалиев,  Х.Хасанов, Т.Қожанбаев.Сырым Датұлы үлкен тұлға, ол далалық аймақта бұрын көріп-біліп жүрген қазақ билеушілерінің ешқайсысы Сырымның маштабындағыдай халқаралық саяси композициялар ұсынып көрмеген еді. Оны ұсына алған  білікті кісі Сырым еді. Сырым бабамыздың 260 жылдығы (2002 жыл қыркүйек айы) республика, облыс, аудан көлемінде аталып өтіліп, арнайы саябақ бой көтерді.


 

 

 

 

 

 Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш

 1987 жылы 9 мамыр мейрам қарсаңында Жымпиты ауылында Ұлы Отан соғысы  жауынгерлеріне арналған   ескерткіш қойылды. Ескерткіштің авторы - жерлес суретшілер  Меңдіғалиев Амантай, Оразов Бақтығали.

 2008 жылы Ұлы Жеңістің 55 жылдығына орай ескерткіштің артына соғыста қаза болған  183 жерлесіміздің   есімдері жазылған мәрмәр тақта қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нысанның атауы: Алашорда қозғалысына арналған ескерткіш      

 Салынған уақыты: 2008 жыл 1-2 қазан

 Авторы: Юрий Баймұқашев

 Тарихи мінездемесі:

 2008 жылдың 1-2 қазан күндері Алашорда қозғалысының 90 жылдығына  орай Жымпиты ауылының                 орталығында ашылған «Алаш» саябағында  Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіш және тұғырдағы           бюсттері  орнатылды. Мүсінші Юрий Баймұқашев бейнелеген алаш қайраткерлері бейнелерінде     Досмұхамедов Жаһанша, Бөкейханов Әлихан, Досмұхамедов Халел, Байтұрсынов Ахмет, Атшыбаев     Беркінғали, Дулатов Міржақып, Жұмабаев Мағжан, Қашқынбаев Ғайса (Иса), Танашев Уәлихан,Торайғыров   Сұлтанмахмұттың мүсіндері бар.

 

 

 

   Нысанның атауы: Алаш музейі

 Салынған уақыты: 1890 жыл

 Авторы: И.М.Айденов, суретшілер кеңесінің төрағасы А.Тастаев,  А.Ерғалиев.

 Орыс саудагері Якуб Таракановтың үйі болған бұл ғимарат - қазіргі кезде  Алаш музейі. Жымпиты ауылындағы қазіргі Сырым Датұлы көшесінде  орналасқан Алаш музейі ғимараты тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі  болып табылады. Бұл ғимарат - 1880-1890 жылдары салынған екі  қабатты үй, қабырғасы саман тастан тұрғызылып, сыртқы ағашпен қапталған. Жалпы ауданы – 76,0 м2.

1917 жылы шілде айында Алаш партиясы құрылды. Осы ғимаратта 1918 жылдың ақпан айынан 1919 жылдың қазан айына дейін «Алашорда» үкіметінің Батыс бөлімі орналасты. Басшысы болып Жанша (Жаһанша) Досмұхамедов тағайындалды. 1919 жылы ғимаратқа Жымпиты уездік партия комитеті орналасты, уақытша үкімет алғашында «Ойыл уәлаяты» деп аталды. 1925 жылы ғимарат аудандық партия комитетіне берілген.

1967 жылы ғимаратта аудандық әскери комиссариат орналасып, 1994 жылға дейін жұмысын жалғастырған. Кейінгі жылдары аудандық ветеринарлық станция, 2011-2004 жылдары Сырым аудандық балалар саз мектебі жұмыс жасады. 2005 жылдан бастап бұл ғимарат аудандық демалыс орталығының теңгеріміне алынып, 2007 жылға дейін демалыс орталығының есеп бөлімі орналасты. 2007 жылы Сырым Датұлының 265 жылдығына орай ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, батыр атындағы музей ретінде ашылды. 2012 жылы Алаш қайраткері Ж.Досмұхамедовтің 125 жылдығына орай арнайы көрме залдары жабдықталып, Алаш музейіне айналды.

 

 

 Алашорда үкіметіне қойылған тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нысанның атауы: Мұсылмандар мешіті

 Салынған уақыты: 1896 жыл

 Тарихи мінездемесі:

 Жымпитыдағы мұсылмандар мешіті 1896 жылы татар халқының сәулет  өнерінің үлгісімен салынған. Оны Файруза Ғұсманова деген адамның  әкесі салдырған. Көлемі 26х10 метр, биіктігі – 10 метр. Күмбезсіз, имам  тұратын михрабы шығыңқы. Қабырғалары саман тастан қаланған. Сол  кезең дәстүрі бойынша сырты ағашпен қапталып, шатыры қаңылтырмен  жабылған.

Мешіттің алғашқы имамы Қуанай қазірет деген адам болған.Оның Алашорда қайраткерлері Жанша және Халел Досмұхамедовтармен т.б. байланысы болғандығы С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттеледі. Мешіттің алғашқы үлгісінде алдында бір үлкен мұнарасы және төбесінің орта шамасында шағын кішкене мұнарасы болған. 1937 жылдар шамасында Қуанай қазіреттің  Кеңес өкіметін қолдаушы Самарқанов деген туған күйеу баласы қос өгізбен тартып, мешіттің алдыңғы мұнарасын құлатқан. Қуанай қазірет Кеңес өкіметі тарапынан біраз қуғынға ұшыраған. 1938 жылдары Қуанай қазірет Жымпитыда Көшкінбай шалдың үйіне қонаққа келген.Онымен осы үйде кездесуде  болған барлық адамдарды Кеңес өкіметі тұтқындап алып кеткен.10

Мешіт Алашорда үкіметі құлатылғаннан кейін аудандық партия комитетіне беріледі. 1958-1965 жылдары аумақтық басқарма /теруправление/, 1965-86 жылдары «Қызыл ту» газетінің редакциясы орналасады. 1986-90 жылдары жеке тұрғын үй болып, онда 3 отбасы тұрған.8

1991 жылы 24 қазанда күрделі жөндеуден кейін мұсылмандар мешіті болып қайта пайдалануға берілді. Сырым батырдың 265 жылдық мерейтойы қарсаңында мешітке күрделі жөндеу жүргізілді.

Жымпитыда қазақ мешіті қазіргі зират жақта болған. Оны Дәулетияр ишан деген адам басқарған.Кеңес үкіметі қазақ мешітін бұзып, оның тастарынан құрылыс салып тастаған.

 

 

                                       

                 

                Жымпиты мешіті                                 Кеңестік дәуірдегі мешіттің кейпі

 

 

 Мешіт алғашында шамамен осындай үлгіде салынған

 2.6. Жалпы, Жымпитыдағы 3 құрылыс – мешіт, «Нар үй», орыс саудагері  Якуб Таракановтың үйінің сырты ағашпен қапталған екен. 

 

  

 

 

 

 

 

 

 Нысанның атауы: Саяси қуғын-сүргін ескерткіші

 Салынған уақыты: 2002 жыл қыркүйек

 Тарихи мінездемесі:

 Саяси қуғын-сүргендер ескерткіші – Сырым Датұлы атындағы саябақ  ішінде 1937 жылы саяси қуғын-   сүргінге іліккен 181 жазықсыз  жазаланғандарға қойылған ескерткіш тақта, мемлекет қамқорлығына  айналған.Саяси қуғын-сүргін біздің ауданда да кең көлемінде  жүргізілген.

ХХ ғасырдың аяғында  дүниежүзі тарихында зор саяси оқиға кезеңі  болып табылғандығы баршаға аян. Біріншіден Голощекин Қазақстан үкіметін басқарған кезде әдейі ұйымдастырылған 1932-нің әйгілі аштығы кезі болса, ал тұтас ұлтты жоюға бағытталған 1937 жылдары әйгілі репрессия, Сталиндік жаппай ұйымдастыру саясаты оның жалғасы. Сталиндік зобалаң тұсында қуғын-сүргін құрбаны болып қатыгез тағдыр зарын кешіргендер қатарында жымпитылықтарда болды. Олар елім деп азаттық жолында жанын шүберекке түйген,өмірі қиындыққа толы Жәлен Кәрімов, Ахмет Мәмбетов, Аспандияр Кенжин, Бижан Жанқадамов, Әлмұхамбет Оспанов сынды Алаш қозғалысының көш бастаушылары болса, Көздіғара ауыл кеңесінде туған Есет Тоқсанов, Қособа ауыл кеңесінің Амангелді колхозының колхозшысы Елмолдиев Баймұхамбет, қособалық, Жымпиты орта мектебінде мұғалім болып қызмет еткен Ибраш Букинов, аралтөбелік, Жымпитыда «Қызыл ту» газетінде редактор болған Құсайынов Мұрат есімді жандар олардың қатарынан табылды.

 

  Нысанның атауы: Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға  арналған ескерткіш.     

  Салынған уақыты: 1983 жыл 

  Орналасқан жері: Сырым ауданы, Алғабас ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Нысанның атауы:  Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған  ескерткіш.     

   Салынған уақыты: 1975 жылы

   Авторы:  Шамсутдинов  

   Мінездеме: Ескерткіште жұлдызды стела және автомат ұстаған  жауынгер бейнеленген. Стеланың биіктігі 10         метр, тұғыры 7х7 метр.  Ескерткіште қаза болған 159 жауынгердың тізімі жазылған.

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Аралтөбе ауылындағы орта мектеп ауласында орналасқан

 

 

 

   Нысанның атауы:  Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш.     

   Салынған уақыты: 1970 жыл

   Мінездеме: Стела түріндегі тарихи ескерткіш.

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Бұлдырты ауылындағы орталық саябақта  орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Нысанның атауы:  Белгісіз солдат ескерткіші     

   Салынған уақыты: 1980 жыл

   Мінездеме: Каска киген, автомат ұстаған солдат бейнесі тұғырға қойылған тарихи  ескерткіш.

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Тасқұдық ауылының орталығында орналасқан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Нысанның атауы: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен қаза тапқандарға арналған  ескерткіш.     

   Салынған уақыты: 2000 жыл

   Мінездеме: Ескерткіш темір тормен қоршалған, құлпытас бейнесінде белгіленген.  Оның жоғары жағында «Ұлы     жеңіс» сөзі жасылса ортасында қызыл жұлдыз суреті  орналасқан.

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы саябақта орналасқан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Нысанның атауы: Сырым батырдың ұлы Байбақты руының старшинасы Қазының  жерленген қорымдағы               құлпытас ретіндегі ескерткіш    

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Жетікөл ауылына 14 шақырым жерде орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

3. Нысанның атауы: 1919 жылы азамат соғысында қаза тапқандарға арналған тарихи ескерткіш.     

Салынған уақыты: 1968 жыл

Мінездеме: Биіктігі 3 метр болатын бетон манумент қысқартылған пирамида түрінде беріліп, 5 бұрышты металл жұлдызбен көмкерілген. Монумент биіктігі 60 см болатын екі сатылы тұғырға қойылған, көлемі 1, 2х1, 2м айналасы темір қоршаумен қоршалған.

Орналасқан жері: Сырым ауданы, Өлеңті  ауылындағы Өлеңті өзені жағасында орналасқан.

 

   4. Нысанның атауы: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес  жауынгерлер тізімі жазылған мәрмәр тақталар       мен ескерткіш белгі..     

   Салынған уақыты: 1984 жылы

   Мінездеме: Жосалы ауылындағы орналасқан бұл ескерткіштің биіктігі –  5м, ені 1,2 м, белгі биіктігі 2,5 м, ені           5,5,м. Қаза болған 241 жауынгер  тізімі жазылған.

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Жосалы  ауылындағы орталық  саябақта орналасқан.

 

 

 

   5.Нысанның атауы: Сырым батыр немересі Байбақты руының  старшыны Омар жерленген қорым.

   Орналасқан жері: Сырым ауданы, Жетікөл ауылына 24-25 шақырым  жердегі Жалақ зираты  

 

 

 

 

 

Қадыр Мырза Әлі ескерткіші

Ескерткіш-мүсін Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдық мерейтойына орай Жымпиты ауылында орнатылды. Ескерткіштің авторы – мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Өмірзақ Шанов.

 

Абдолла Жұмағалиевтің ескерткіш-бюсті

2015 жылдың 5-6 мамыр күндері Жосалы ауылдық округінің орталығы Қоңыр ауылында дарынды ақын, даңқты жауынгер Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай ақын атындағы мектептің алдына Абдолла Жұмағалиевтің ескерткіш-бюсті қойылды.