Жаңалықтар
Үстіміздегі жылдың 7 қазан күні Орал қаласында Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасы өтті.
Биыл айтулы даталардың бірі-қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуна орай облыс көлемінде 12 қаңтар күні сағ:11.00-де бір мезетте барлық кітапханада «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбында кітап көрмесінің ашылуы өтті. Кітап көрмесінің ашылу салтанаты ең алдымен онлайн конференция жұмысынан басталды. Сырым аудандық әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған конференция 4 алаңды біріктірді.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық кітапханаларда «Мен Абайды оқимын!» ағартушылық-поэзиялық акциясы аясында Сырым жастары, Жастар ресурсы жастарының қатысуымен көпшілік шарлар оздырылды.