• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына елеулі үлес қосқан,  елді оқуға, білім алуға шақырған, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері қазақ әдебиетінің хас тұлғасы, белгілі жазушы, драматург Бейімбет Майлин, қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіров, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен,  алаштың ардақтысы ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына биыл 125 жыл толып отыр.

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған "Маған 28" челленджін М.Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапханадан қабылдап алып, Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасы өз үлесін қосты. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне 28 кітап  шығарылып, библиографиялық шолу жасалды.

Үстіміздегі жылдың 29 қараша күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Кемел елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.