• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жаңалықтар

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай еліміздегі әртүрлі этностардың пайда болу тарихын түсіндіру, көп этносты Қазақстан қоғамын қалыптастыру процесінде қазақтардың қатысуын көрсету, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылған түрлі этностардың өкілдеріне қайырымдылық көрсетіп, бауырына басқан қазақ халқының дархандығын, кеңпейілдігін есте сақтау, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, мерекенің идеялық мазмұны мен мәнін насихаттау мақсатында 27 ақпан – 1 наурыз күндері аралығында жүйедегі барлық кітапханада «Алғысым саған, туған ел!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырманның қатысуымен «Алғыс – сөздің асылы», «Барша жұрт риза саған, Қазақ елі», «Алғыс айту – парызым» «Ата-анам - алтын тұғырым» тақырыптарымен кітапханалық шаралар оздырылды. Жастарға берер тағылымы мол шарада Алғыс айту күні – татулық пен бірліктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың жарқын мерекесі екендігі айтылып, бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына, достығы мен сыйластығының артуына негіз болатыны баяндалды.

Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты аудандық кітапханада үстіміздегі жылдың 20 ақпан күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, халықаралық «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, әнші-сазгер, Сырым ауданының құрметті азаматы Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымовтың «Донеділ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

«Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық кітапханада дарынды жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының туған күніне орайластырылып 19 ақпан күні «Жылдар жылжып өтсе де ел есінде» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында дарынды  жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Сырым елінің төл перзенті Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тарихпен тамырласып, халықпен үндескен жазушы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Қазақтың белгілі жазушысы, кезінде ұлы жазушы М.Әуезов: «Европа үлгісімен жазылған бірінші роман» деп жоғары бағалаған «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Хамза Есенжановтың туғанына 110 жылдығына арналған «Жайықтың ақиығы» облыстық балалар акциясын қолдау, шығармаларын оқырмандар арсында кеңінен насихаттау мақсатында «Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Қосарал, Қызылағаш, Қазақстан, Жамбыл, Бұлан, Тамды, Жосалы, Аудандық балалар және Алғабас, Бұлдырты, Аралтөбе, Шағырлыой ауылдық модельді кітапханаларында 2018 жылдың 14 ақпан күні бір мезетте «Талантты тұлға, дарынды қаламгер» атты әдеби кеш оздырылды.

30 қаңтар күні «Сырым аудандық ОКЖ» мемлекеттік мекемесіне жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының есімі берілу салтанатты шарасы оздырылды.

«Қауіпсіз Интернет» апталығы шеңберінде қаңтар айының 22-26 күндері Сырым аудандық ОКЖ кітапханаларында «Компьютер және ғаламтор: пайдасы мен зияны» тақырыбымен әңгіме сағаттары, пікірталастар, оқырмандар конфернциялары оздырылып, өз мәресіне жетті.