• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанатының мәліметі

03.03.2021 ж

Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасынан бастау алған "Адалдық алаңы" жобасы аясында 3 наурыз күні сағ. 11.00де Аудандық кітапханада «Парасат жолы – адалдықтан басталады» тақырыбында аудандық «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы, сондай-ақ, ауылдық кітапханаларда «Парасат жолы» орталығы ашылды. "Парасат жолы" - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба.

Шараға «Парасат жолы» орталығының мүшелері, кітапхана қызметкерлері, әлеуметтік желі оқырмандары қатынасты.  Облыстық кітапхананың «Парасат жолы» орталығының салтанатты шарасы, аудандық «Парасат жолы» орталығының ашылуын  Zoom  платформасы арқылы тікелей эфирден әлеуметтік желі оқырмандары тамашалады.

Аудандық   «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанатына орталықтың мүшелері  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымұлы,  «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Мүсірбек Айташев, ардагер ұстаз Батыршин Ахмет қатысты.

Шарада "Парасат жолы" орталығының мүшелерімен таныстырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде мүшелердің ой-пікірлері тыңдалды.

 

 

Орындаған

Р.Муханбеткалиева