• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
30 сәуір күні Аудандық кітапханада «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Кітап оқу - рухани әлемге жол» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн конференция өтті.
Онлайн шараға жазушы, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, мифолог Наурызбаева Зира Жетібайқызы, Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Балалар әлемі» танымдық журналы редакторының орынбасары Абдикаликова Айгүл Серікбайқызы, Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Сисенбаева Алтынай Қуанышқалиқызы, мектеп, ауылдық кітапхана кітапханашылары мен кітапхана оқырмандары қашықтан қатысты. «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Балалар әдебиеті» жанрына бойынша таңдалған «Алтын тостағанды іздеу» кітабының авторы, философия ғылымдарының кандидаты Наурызбаева Зира Жетібайқызы өз шығармашылығы туралы баяндаса, Алматы қаласындағы республикалық «Балалар әлемі» танымдық журналы редакторының орынбасары Абдикаликова Айгүл Серікбайқызы журналдың балаларға пайдасы, қызықты мақалалары жайында айтып өтті. Конференция барысында «Самал» газетінің бас редакторы Сүндетов Жұмажан Қадимұлының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы, «Қарлығаш ұя салғанда» жинағының авторы - Айташев Мүсірбек Әлібекұлының оқырмандарға жолдаған бейнежазбалары көрермен назарына ұсынылды.
Тікелей сұхбатта Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Сисенбаева Алтынай Қуанышқалиқызы «Оқуға құштар мектеп» жобасымен таныстырды. Жақсы кітапты рухани керегіне айналдыра білген кітапхана оқырмандары Бітімғали Ақниет, Жаңғожиева Инаргүл кітап оқудың пайдасы туралы ойларын ортаға салды. Шараны М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ директоры А.Жасұланқызы сөз сөйлеп қорытындылады.