• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

15 маусым күні аудандық кітапханада жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Арманы жетелеген жазушы» тақырыбында онлайн әдеби кеш  ZOOM платформасында өтті. Шараға жазушының үзеңгілес досы  Нәсіпқали Даулетов, Тихон Әліпқали, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжым, Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Саркулов, мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы С.Нүрпейісов, ардагер-ұстаз А.Батыршин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ғалымов, жазушының тума-туыстары, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.Шара барысында досы Нәсіпқали Дәулетұлы, ардагер журналист Тихон Әліпқали, туысы Р.Орынбайұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолы, достығы жайында естеліктерін әңгімелеп берді. Сонымен қатар жазушы шығармашылығын оқырман қауымға кеңінен насихаттап, еңбектерін оқырманға оқыту мақсатында алғаш рет ауданымызда ұйымдастырылған   облыстық «Көрікті ойдың көркем бейнесі» атты иллюстраторлар байқауы, «Қанатты сөз, қарымды қалам иесі» тақырыбында жыр мүшәйрасы, «Орамды ой, қарымды қалам»  тақырыбында эссе-байқаулары қорытындыланды. Сырым ауданы  әкімінің орынбасары А.Саркулов байқау жеңімпаздарын марапаттады.Байқау жеңімпаздары өз ойларымен бөлісті.  «Көрікті ойдың көркем бейнесі» облыстық иллюстраторлар байқауының жеңімпаздары: І-орын: Саин Райымбек- БҚО, Бөрлі ауданы; ІІ-орын:Нәумет Назерке Ерболқызы /Ақжайық ауданы/,Қалиев Әли-/Казталов ауданы/; ІІІ-орын:Аспандиярова Айжарқын Аспандиярқызы, Зайдоллина Мархабат, Қыдыров Ербол /Казталов ауданы/; «Орамды ой, қарымды қалам»  тақырыбында облыстық эссе-конкурсының жеңімпаздары: І –орын:Анатолий Райымбек Қайратұлы /Сырым ауданы/; ІІ-орын:Жалелова  Айкөркем  Дидарқызы-/Сырым  ауданы/,Хамзина Әсем Алтынбекқызы /Казталов ауданы/;ІІІ- орын:Сағидуллина Қамқа Ерғалиқызы /Казталов ауданы/, Стаев Асхат Ғұсманұлы,Утиғалиева Айман /Сырым ауданы/ «Қанатты сөз, қарымды қалам иесі» тақырыбында облыстық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары:І-орын-Бауыржан Ширмединұлы /Сырым ауданы/, ІІ-орын-Ғабдол Меңдіқожа Сағидоллаұлы/Қаратөбе ауданы/,  Мурзагалиев  Арыс Серикович /Сырым ауданы/; ІІІ-орын-Орынбай Ақбота Нағашбекқызы /Тасқала ауданы/, Меңдібай Жансауле-/Казталов ауданы/, Өтепов Райымбек Бекболатұлы /Қаратөбе ауданы/;Аталмыш байқаудың Алғыс хатымен: Сырым ауданынан: Абай Темірхан Ыбырайұлы, Қапанов Қуаныш, Сүлейменова Дильназ  Бауыржанқызы;  Казталов ауданынан: Амангелді Сая Ақанқызы, Камидоллина  Зухра Жанатқызы, Нұрланұлы Нұрсұлтан, Шаймарданова Аружан Ерланқызы, Алдамжарова Мейрамгүл Серғазықызы, Асетова Әсем, Аубакиров Тоқтар Исатайұлы, Габдуллина Лаззат Бактыгулқызы, Қайыржан Ескендір, Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы, Ғалым Нұрлы Қайырғалиқызы,Темирболатова Саида Есенгельдиевна, Хабибуллина Әсемгүл Бейімбетқызы, Ахонова Аяужан Жарасқызы, Бопишева Балым Суйнгалиевна; Ақжайық ауданынан: Болатұлы Асылхан, Ғарифолла Қуандық Хамидоллаұлы, Үмбетов Мерлан;Тасқала ауданынан: Даужанова Аидина Ринатқызы, Муханбетов Маханбет Сәрсенбайұлы; Жәнібек ауданынан:Ербол, Есбол Беисовтер, Қалихан Гүлбар, Салауатова Жәмиля, Серіков Бақытжан;Шыңғырлау ауданынан: Амангельдиева Аягөз, Батыргужина Жанаргүл Самарханқызы;Бөрлі ауданына:Жасталапова Кундыз Уразовна;Бәйтерек ауданынан:Ізбасаров Нұрасыл, Насекенова Мейрамгүл Мендибаевна,Бөкейорда ауданынан: Сымбат  Маратқызы  марапатталды.