• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

13 шілде күні Алғабас ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзекті  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, «Парасат  жолы» жобасы аясында жасөспірімдердің қатысуымен «Ұрпағына ұран болған Ерсары батыр» тарихи саяхаты оздырылды. Өткенді ескеріп, қайта жаңғырту: бүгінгі жас ұрпаққа ой салар келелі де маңызы бар, Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округіндегі әулие Жұмағазы хазірет жерленген көне қорым бүгінгі күнге дейін Қазақстанның Жалпыұлттық киелі нысандары қатарына енген қасиетті топырақ болатын. Соңғы жылдары осы қорымда сақталған араб жазулы құлпытастың бірі Сырым батыр заманында халқының азаттығы үшін қолына қару алып, атқа қонған ердің бірі Ерсары батыр Бегетайұлына қойылғандығы анықталды.Ерсары батыр Сырым Датұлының жауынгері және сенімді өкілі болған. Олар азаттық күресіне бірге қатысты. 18 ғасырдың 1790-жылдарының соңында Ерсары батыр Кіші жүз қазақтарының саяси оқиғаларының эпицентрінде болды. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы Ерсары батырға "Тархан" атағын берді. Шығыс әскери тіліндегі бұл құрметті атақ "Дала маршалы" деп аударылады.Ерсары батыр - қазақ халқының мақтанышы, Байбақты руының батыры. Ол жауынгер отрядтарын басқарды. Батыр 1813 жылғы шайқаста қаза тапты. #Руханижаңғыруболашаққабағдар

#Парасатжолы,#Ересіміелесінде,#Ерсарыбатыресіміұрпаққаөнеге-хэштегімен әлеуметтік желіде жарияланды