• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

17 маусым күні аудандық кітапхананың оқу залында «Цифрлы Қазақстан - жаңғыру заманы» тақырыбында кітапханашылардың аудандық зерделі кеңесі өткізілді. Зерделі кеңесте орталықтандырылған кітапхана жүйесі директоры А.Уалиахметова «Әлемдік дамудың айнасы сандық жүйе» тақырыбында баяндама оқыды. Әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Л.Бергалиева «Цифрлық Қазақстан – кітапханалардың жаңа келбетін қалыптастырады»,  Балалармен жұмыс әдіскері К.Мамбеталиева «Жаңа кезең – жаңа жұмыс түрлері» тақырыптарында баяндамалары тыңдалып, әлеуметтік желіде онлайн жұмыстану бағыттары айтылса балалар кітапханасының кітапханашысы Т.Каримова мен Бұлан ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Аманбаева «Кітапханалық жобалар – кітапхана ісінің көкжиегі» тақырыбында кітапханалық жобаларды жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісті. «Ашық трибуна» іс–тәжірибе шығармашылық алаңында әдіскер Р.Муханбеткалиева жас кітапханашыларды ортаға шығарып, кітап аукционын өткізді. Бұл шарада кітапханашылар ақын-жазушылардың шығармаларына талдау жасап, өздері оқыған Ж.Жұма Қ.Мырза Әлінің «Ой-өріс», А.Нығметжанова Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Г.Кубаева Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр», Ж.Алимбетова Думан Рамазанның «Пешене», С.Исболова Мира Шүйіншәлиеваның «Жүректегі құпия», Н.Сұңғатқызы Қ.Мырза Әлінің «Өлеңдер, әндер, ғибратнамалар»  кітаптарын таныстырып, өзге оқырмандардың да сол кітапты оқығысы келетіндей етіп, қызықты ұсынды. Шара соңында ОКЖ директоры  Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығына арналған «Ұмытылмас, өшпес бейне» тақырыбында облыстық шығарма байқауына қатысқан Алғабас, Бұлан, Қазақстан, Тасқұдық ауылдық кітапханасының оқырмандарын  марапаттады.