• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Аудандық кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлы қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай Қожағұлұлының туғанына 330 жыл толуына орай М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды, қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау мақсатында «Қабанбай батыр» жырын жатқа айту аудандық  байқауы ұйымдастырылды. Байқауға жалпы орта білім беретін мектептер мен лицейдің 7-11 сынып оқушылары,  Аудандық кітапхана,  Аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Аяқкөл, Бұлдырты, Жырақұдық ауылдық кітапханаларының оқырмандары қатысты. Нәтижесінде Аудандық балалар кітапханасының оқырманы Амандық Нұртаза жүлделі І орын, Аяқкөл ауылдық кітапханасының оқырманы Құрманғазы Нұрәділ ІІ орын, Аудандық кітапхананың оқырманы Болат Айзере ІІІ орынға ие болды.