• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бір. Ақыл — ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Осыған орай аудандық кітапханада кітапханашылардың қатысуымен «Кітапхана – білім мен жетістікке апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. мекеме директоры А. Уалиахметова кітапханалардың заман талабына сай рөлі мен маңыздылығы туралы айтып өтсе, әдістемелік – библиографиялық бөлімінің әдіскері Р.Муханбеткалиева баяндама оқып, кітапханашылар өз ойларын ортаға салды. Шара барысында жас кітапханашыларға озық тәжірибе жүргізілді, үстіміздегі жылдың жұмыс жоспарлары талқыланды.

#СырымОКЖ

#ДөңгелекҮстел

#ОзықТәжірибе