• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Кітапханаларда «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» акциясы аясында іс - шаралардан оздырылды

Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевтің (1935-2011жж.) туған күніне орай «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» акциясы  аясында 5 қаңтар күні бір мезетте  Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттауда аудандық балалар кітапханасында   ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінің 2«б»,2«в» сынып оқушыларының қатысуымен «Қадыр жыры мәңгілік» атты акция сағаты және аудандық кітапханада «Болу үшін жаралған туған жердің жырауы» тақырыбында әдеби кеш болып өтті. Шараға қатысушы оқырмандар  ақынның өмірі шығармашылығымен танысып, «Қадыр оқулары» аудандық байқауына қатысушылар Е.Кененқызы, А.Исмагулова және кітапхана оқырмандары ақынның әдеби бай мұрасынан «Диктант», «Болмайды», «Бәріде ана», «Ұлы махаббат» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.М.Шерғалиев қатысып оқырмандарға жылы лебізін жолдады. Шара соңында оқырмандарға ақын шығармашылығынан «Қазақ жырының Қадыры» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. Сонымен қатар  Алғабас ауылдық модельді кітапханасында  «Біз Қадырды оқимыз» тақырыбында ұйымдастырылған поэтикалық марафонда Сапарғали Еділ (7сынып), Расул Ғамзатовтың «Достық туралы аңыз», Өтемұрат Бексұлтан С.Есениннің «Еске түсіп өткен күн»,  Сейполла Дильназ (6сынып) «Бұлт», Сансызбай Алтынзер (4сынып) «О далам менің, байтағым», Сейполла Назым (4сынып) «Жексенбі», Талғат Аружан (4сынып) «Азайту,қосу», Мұрадымқызы Айсезім (3сынып) «Ойыншықтар»,  Есқали Назгүл (4сынып) «Боран» атты ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп  оқып, шара соңынан қатысушылар ақынның жырына жазылған «Апам үшін күнде де», «Асыл әжем», «Атамекен» әндерін бірге қосылып айтса, Өлеңті ауылдық модельді кітапханасында «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» поэзия кеші, Талдыбұлақ, Аралтөбе, Қазақстан ауылдық кітапханаларында «Қазақ жырының Қадыры» тақырыбында әдеби кештері,  Бұлан ауылдық  кітапханасында «Елі сүйген Қадыр ақын» атты жыр сағаты ұйымдастырылды.

 

 

Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» акциясына қатысушы кітапханалар

 

Қатысушы кітапханалар

1

Аудандық кітапхана

2

Аудандық балалар кітапханасы

3

Алғабас ауылдық модельді кітапханасы

4

Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасы

5

Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасы

6

Өлеңті ауылдық модельді кітапханасы

7

Бұлан ауылдық кітапханасы

8

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасы

9

Қазақстан ауылдық кітапханасы

10

Қызылағаш ауылдық кітапханасы