• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі

 

 

Бөлім меңгерушісі: Қонақбаева Гүлшат Жолдығалиқызы
Тел.: 8(71134) 31-1-48
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі- кітапхананың дербес құрлымдық  бөлімшесі. Бөлімнің басты міндеті кітапхана қоры мен мерзімді басылымдар қорын, оқырмандар сұранысын негізге ала отырып, электронды құралдармен, мемлекеттік тілдегі басылымдармен  толықтыруды және  олардың  үнемі жаңартылуын қамтамасыз етіп отыру.Кітап қорына балалар мен жасөспірімдерге арналған  кітаптар мен қатар мерзімді басылымдар : журналдар, газеттер аудиовидеолар кіреді және де өнер, ғылым, техника, әдебиет классиктерінің еңбектері анықтамалар, сөздіктер, оқулықтар, электрондық басылымдар болып табылады. Кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі кітапхана қорына жаңа әдебиеттерді сатып алуды баспалармен, кітап дүкендермен, қоғамдық қорлармен және сыйға таратушылармен бірлесе жұмыс істей отырып жүзеге асырады.  
Бүгінгі күні кітап қорымыз  329379  дананы құрайды, оның 159948 данасы қазақ  тілінде.   Сектор кітапханаларға және жаңадан ашылған кітапханалар қорын құруға басылымдар жинақтап бөлу жұмыстарын атқарады. 2008 жылдан бастап кітапхана  КАБИС бағдарламасы «каталигизатор» модулі бойынша жұмыс жасап келеді. Бағдарлама кітапханаға жаңа түскен әдебиеттерге автоматтандырылған жүйеде библиографиялық  сипаттама жазып электронды каталог жүргізеді. Электронды каталог оқырмандарға  тез әрі  толық ақпараттық көздерді табуға көмектеседі. Кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі –қорды толықтырумен  қалыптастыруда оқырмандардың рухани өрлеуіне  үлес қосады.