• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Сырым аудандық ОКЖ-ге қарасты барлық кітапханаларында орыстың көрнекті балалар жазушысы Самуил Маршактың өмірі мен шығармашылық қызметін насихаттау, балаларға арналған шығармаларымен таныстыру, оқырман балалардың поэзия жанрына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «С.Маршак поэзиясы күні» V-халықаралық акциясы оздырылды.

27 қазан күні Алғабас ауылдық модельді кітапханасында орыс ақыны, балалар әдебиетінің классигі Самуил Маршак шығармашылығына арналған «Қайырымды лира» тақырыбында әдеби жыр кеші оздырылды. Шара барысында қатысушы балалар ақынның өмірімен танысып, «Рассказы о животных», «Біздің Герб», «Радуга» атты жинағынан «Дети нашего двора», «Круглый год» өлеңдерін, «Ақымақ тышқан туралы» ертегісін мәнерлеп оқып, кітапханашы жасырған жұбақтың шешуін тапты. Тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.






Сырым аудандық ОКЖ-ге қарасты барлық кітапханаларында орыстың көрнекті балалар жазушысы Самуил Маршактың өмірі мен шығармашылық қызметін насихаттау, балаларға арналған шығармаларымен таныстыру, оқырман балалардың поэзия жанрына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  «С.Маршак поэзиясы күні» V-халықаралық акциясы оздырылды.27 қазан күні Алғабас ауылдық модельді кітапханасында орыс ақыны, балалар әдебиетінің классигі Самуил Маршак шығармашылығына арналған «Қайырымды лира» тақырыбында әдеби жыр кеші оздырылды. Шара барысында қатысушы балалар ақынның өмірімен танысып, «Рассказы о животных», «Біздің Герб», «Радуга» атты жинағынан «Дети нашего двора», «Круглый год» өлеңдерін, «Ақымақ тышқан туралы» ертегісін мәнерлеп оқып, кітапханашы жасырған жұбақтың шешуін тапты. Тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

Орыстың көрнекті балалар жазушысы Самуил Маршактың шығармаларын оқырман балалар арасында кеңінен насихаттау, поэзиясымен жан-жақты сусындату  мақсатында Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасында  «Самуил Маршктың әдеби әлемі»  әдеби-поэзиялық кеш ұйымдастырылды.  Кеш барысында кітапханашы қаламгердің өмірі туралы деректермен, шығармашылық қызметімен таныстырды. Оқырман балалар «Лебедёнок», «Сентябрёнок», т.б. бірнеше өлеңдерін көркемдеп оқып, «Теремок» ертегісі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Кітапханашы С.Маршак шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасады.

 

31 қазан күні Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында «Самуил Маршак - балалар әдебиетінің алыбы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кеш негізгі 4 бөлімнен болды. Кештің 1-бөлімінде кітапханашы ақынның өмірі туралы деректер беріп, шығармаларымен таныстырды. «Өлеңдер» атты 2-бөлімінде оқырман балалар «Мектеп», «Радуга», «Вьюга», «Жыл бойы» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Ертегілер» атты 3-бөлімінде слайд көрсетіліп, ақынның «Ақымақ тышқан» туралы ертегісінен көрініс қойылды. «Екі көрші»  ертегілерінен үзінділер оқылып, балалар жұмбақтың шешуін тауып, белсене қатынасты. 4-бөлімінде «Маршак әлемі» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 

Бұлан ауылдық кітапханасында 27 қазан күні орыстың көрнекті балалар жазушысы Самуил Маршактың шығармаларын оқырман балалар арасында кеңінен насихаттау, акцияға қолдау көрсету мақсатында «Балалар әдебиетінің алыбы» әдеби-жыр кеші өткізілді. Кеш барысында кітапханашы қаламгердің өміріне байланысты деректермен, шығармашылық қызметімен таныстырды. Оқырман балалар «Первый день календаря», «Хороший день», «Вот какой рассеянный», «Почта», «Написал я эту книжку», «Книжка про книжки» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жазушының есіміне байланысты дайындалған сөзжұмбақты шешіп, белсенділіктерін көрсетті. Кітапханашы С.Маршак шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасады.