• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақстан Республикасы Президентінің 26.10.2017 ж. №569 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін таныстыру, жаңа әліпбиді талқылау, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында үстіміздегі жылдың 2 қараша күні жүйеге қарасты барлық кітапханада көпшілік оқырман тобының қатысуымен дөңгелек үстел оздырылды. Атап айтсақ, аудандық кітапханада 2 қараша күні «Латын әліпбиіне көшу - болашақтың бағдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу мәселесінің маңыздылығы туралы баяндап, қолдау көрсету. Дөңгелек үстелге мәдениет және кітапхана саласының қызметкерлері, барлығы 26 адам қатысты. Алдымен библиограф Э.Альденова тақырыпқа байланысты жасақталған «Әліпби ауыстыру – өркендеу заңдылығы» кітап көрмесіне шолу жасап, Елбасының латын графикасына көшіру туралы Жарлығын таныстырды. Шараға қатысушылар «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері» тақырыптар төңірегінде ой өрбітті. «Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ  жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты болатын. Латын әліпбиіне көшуде айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Жастар, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен, латын қарпін негізделген қазақ әліпбиін тез үйреніп алады. Латын әліпбиіне көшу – әлемдік ғылым мен ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияны игеру үшін, келешегіміз үшін де, қазақ тілінің өркендеуі үшін де қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Латын әліпбиі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз.  Латын әліпбиіне көшу, ең алдымен, көптеген шетел азаматтарының еліміздің бай мәдениетімен, әдеби мұрасымен терең танысуына жол ашады» - деп, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары туралы өз пікірлерін ортаға салып, бірауыздан Елбасының игі бастамасын қолдайтынын жеткізді.

2 қараша күні  Алғабас ауылдық модельді кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бастауы», Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», Бұлан ауылдық кітапханасында «Тілімізді түлетер әліпби», Бұлдырты ауылдық кітапханасында «Латын әрпіне көшу – болашаққа қадам», Қосарал ауылдық кітапханасы «Тілімізді түлетер әліпби», Өлеңті ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиі – болашаққа батыл қадам», Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыптарында дөңгелек үстелдер оздырылды.