• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2 сәуір күні аудандық кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өткенді сақтай отырып, келешекті қалыптастырамыз» тақырыбында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

 

Көрмеден оқырмандар облыстық кітапхананың кітап қорындағы сирек кездесетін және құнды раритетті басылымдармен, 1929-1940 жылдары аралығында жарық көрген латын қарпінде жазылған әдебиеттермен, 1967-2017 жылдары аралығындағы ақын-жазушылардың авторлық қолтаңбаларымен ұсынылған әдебиеттермен және «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты танымдық басылымдардың электронды нұсқасымен танысуға мүмкіндік алды. Көрмені тамашалауға  «Мұқадес Есламғалиев атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, оқырмандары ұжымы,  Аудандық білім беру бөлімі, Сырым колледжі, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Балалар саз мектебі,  ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы мектеп, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешені, Аудандық мәдениет бөлімі, Демалыс орталығы, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұжымдары қатынасты.

 

Шараның екінші алаңында 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан оқулары» республикалық кітап оқу акциясы аясында «Жыр маржаны - Мағжан» атты әдеби-сазды альянс өтті. Шара барысында ақынның «Мен жастарға сенемін», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Балалық шақ», «Түркістан» өлеңдері, «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Батыр Баян»  поэмалары оқылды. «Батыр Баян» поэмасы бойынша түсірілген көркем фильмінен үзінді көрсетілді.