• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

ҚР астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай аудандық кітапханада «Астана - ел тірегі» тақырыбында кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде Астананың қалыптасуы ел Тәуелсіздігінің жылнамасымен тығыз байланысты екені, Астана – елімізді гүлденудің жаңа белестеріне жетелейтін жалпыұлттық идеямыз екені әңгімеленіп, Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырып, нығайтудағы, ел бірлігін және еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі айрықша ролі туралы кеңінен баяндалды.

Сонымен қатар Алғабас ауылдық модельді кітапханасында балалар тобымен «Астана - Қазақстанның бас қаласы» атты библиоглобус, Аяқкөл, Бұлдырты ауылдық кітапханаларында «Елімнің жүрегі - Астана» атты әдеби караоке, Аралтөбе, Өлеңті ауылдық модельді кітапханаларында, Аудандық балалар кітапханасында «Астана – ел тірегі» тақырыбында оқырмандар арасында сурет байқауы, Бұлан ауылдық кітапханасында «Күн сайын көркем Астанам» әдеби-сазды кеш, Қызылағаш ауылдық кітапханасында “Асқақта айбынды елдің -Астанасы!” атты иллюстративті кітап көрмесі, «Астана – бас қала» көрме инсталляциясымен жалғасын тапты.