• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

30 сәуір күні инстаграм әлеуметтік желісінің Syrymokj парақшасында жерлес ақын, журналист, айтыскер Бауыржан Ширмединұлымен «Туған жерім - ұлылықтың тұғыры» тақырыбында ақынмен тікелей эфирде онлайн сыр-сұхбат өтті.

Сұхбат барысында кітапханашының сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ, тікелей эфирді көріп отырған әлеуметтік желі оқырмандары тарапынан да көптеген сауалдар қойылды. Бауыржан Шимединұлы шығармашылығы, айтыс өнеріне келуі, алдағы уақыттағы жоспарлары жайында да айта кетті. 300 оқырман тікелей эфирде сұхбатты тамашалады.