• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2020 жылдың 26-29 мамыр аралығында Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық және аудандық әдіскерлердің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы «Нақты және виртуалды әлемдегі кітапхана» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

26 мамыр семинардың ашылуында Х.Есенжанов атындағы БЖЖК директоры З.Утешова алғысөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.   «Кітапхана: іскер қатынас аймағы» тақырыбында хабарлама оқыды. Төрт күнге созылған онлайн–семинарда балалармен жұмыс әдіскерлері «Кітапханадағы онлайн жұмыс жасау үрдісі», «Цифрлық Қазақстан –кітапханалардың жаңа келбетін қалыптастырады», «Жаңа форматтағы кітапхананың онлайн жұмысы, «Сандық жүйенің сансыз мүмкіндіктері», «Заманауи оқырман - заманауи кітапхана» сынды тақырыптарда өз ойларын ортаға салды. М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің атынан балаламен жұмыс әдіскері Л.Бергалиева «Қашықтықтағы онлайн жұмыстарының жаңаша түрлері» және «Дидарлы жаз кітапханамен бірге» тақырыбында баяндама оқып, әріптестерімен бөлісті.