• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

    Биыл айтулы даталардың бірі-қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуна орай облыс көлемінде 12 қаңтар күні сағ:11.00-де бір мезетте барлық кітапханада «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбында  кітап көрмесінің ашылуы өтті. Кітап көрмесінің ашылу салтанаты ең алдымен онлайн конференция жұмысынан басталды. Сырым аудандық әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған конференция 4 алаңды біріктірді.

Атап айтсақ Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК, ҚР Ұлттық кітапханасы, Сырым аудандық ОКЖ және Ақжайық аудандық ОКЖ байланысқа шығып, Сырым Датұлының мерейтойына арналған шаралардың бастамасымен құттықтап, дала кемеңгері туралы, қазақ елінің тарихында алатын орны туралы салмақты ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, жазушы, «Тар кезең» тарихи еңбегінің авторы Қажығали Мұханбетқалиұлы арнайы қатысты. Конференция жұмысын Зеленов, Шыңғырлау, Бөрлі аудандық кітапханалары тамашалауға мүмкіндік алды.