• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

     Үстіміздегі жылдың  7 қазан күні Орал қаласында  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасы өтті. 

Аталмыш шараға Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі  «Қасиетті мекенім-туған жер» атты дәстүрлі кітап көрмесін ұйымдастырып, «Сырым батыр кесенесі» тарихи ескерткіші көрме инсталляциясын жасақтады. Көрме инсталляция «Бабалар сөзі» топтамасымен  300-ден аса кітаптан өріліп, қала тұрғындары мен қонақтардың назарына ұсынылды.