• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Алаш музейінде тарихтың беттерінде қатталып, елдің жүрегінде сақталған, бүгінде арыстары ақталған Алаш қозғалысының 100 жылдығына, ұлт және мемлекет қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың 1300 жылдығына арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесінің ашылуы рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Молдашев, Сырым колледжінің студенттері қатысты. Үш бөлімнен тұратын «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік » атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі А.Ойшыбаев: -Бүгінгі біздің желбіреп тұрған көк байрағымыз-Алаштың жасыл туының жалғасы.Олардың армандап кеткен өмірді біз сүрудеміз- деді. Жас оқырмандарымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!», Кама Хабиқызының «Хан Жаһанша» өлеңдерін оқыды.

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жоғалғанымыз түгенделіп, өшкеніміз қайта жанды. Алаштың арыстары ақталып, ардақталды. Олардың аңсап өткен Тәуелсіздігін қастерлей білуіміз керек.«Қазақстан-2050» стратегиясы, Мәңгілік Ел идеясы Алаш қайраткерлерінің арманы болды.