• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Ауыл кітапханаларында жаңа креативті жобаларды жүзеге асыру, кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін анықтау, іс-тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы технологияларды, инновацияларды батыл игеру мақсатында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Ауыл кітапханаларының фестивалі» жобасын қолға алып, жүзеге асыруда. Қаратөбе ауданынан бастау алған бұл жоба Зелёнов, Шыңғырлау аудандарында оздырылса, 12 қазан күні Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жалғасын тапты. Шараға  Сырым аудандық мәслихатының хатшысы, қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Шынар Сайлауқызы Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мұратұлы Даргужиев, «Сырым елі» газетінің тілшісі, жас ақын Бауыржан Шермидден, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы директорының орынбасары  Сара  Көшәліқызы Кенжебаева, кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскері Г.Тоқтарова, Бөкейорда, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау ОКЖ директорлары мен қызметкерлері, кітапханашылар мен кітапхана ардагерлері қатысты.

 

«Ауыл кітапханаларының фестивалі»

Б А Ғ Д А Р Л А М А

Ұйымдастырушылар:

БҚО Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

 

Шығармашылық және инновациялық алаң

  • «Кітап. Кітапхана. Оқырман» библиомикс

Өлеңті ауылдық модельді кітапханасы

  • «Өлең өлкесінің дарабоздары» әдеби караоке

Қызылағаш ауылдық кітапханасы

  • «Кітаппен өмір шуақты» библиотерапия сағаты

Жосалы, Тамды ауылдық кітапханалары

  • «Атамекен» өлкетану жобасы

Бұлан, Жамбыл ауылдық кітапханалары

  • «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» экологиялық-ағарту жобасы

Аяқкөл, Жырақұдық ауылдық кітапханалары

  • «Сырға толы туған жер» кітапханалық жорық

 Қазақстан ауылдық кітапханасы

  • «Әдебиет әлемінде» book chest, «Жыл кітабы – 2017» библио-кафе, «Күзгі әуен» кеш-элегия  

Аудандық кітапхана


Кітапханалық жобалар:

  • «БҚО кітапхана мамандары» жобасының презентациясы

Г.Тоқтарова – Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның әдіскері

  • Кітапхана жүйесі web-сайтының презентациясы

 Кітапханаларды дамыту бөлімі

  • «Менің туған өлкем» әдеби экспедиция

Алғабас ауылдық модельді кітапханасы

  • «Алтын уақыт кітаппен» reading time

Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасы

  • «Кітап. Книга. Book» road show

Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасы

  • «Шапағат нұры» кітапханалық шеберхана

Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасы

  • «Кітап әлеміне бізбен бірге» библиоквест

Аудандық балалар кітапханасы

 

«Туған жер» жобасы аясында «Қасиетті мекен – туған жер» әдеби-сазды альянс