• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақ әдебиеті тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаның бірі, Ақжайық өңірінің аяулы перзенті, ақын Сағынғали Сейтовтің туғанына 100 жыл толуына орай Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты аудандық балалар кітапханасы, Алғабас, Аралтөбе, Шағырлыой, Бұлдырты ауылдық модельді кітапханалары және Қазақстан, Бұлан ауылдық кітапханалары ақын шығармашылығына арналған «Сұлу сөздің сардары» тақырыбымен әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана оқырмандары автордың өмірі мен шығармашылығымен танысып қана қоймай, өршіл рух пен ұлтжандылыққа, отансүйгіштік қасиеттерге үндейтін жырларын көркемдеп оқыды, «Өлең боп ақын өрілсе» бөлімінде ақынға арналған туындыларын жатқа оқыды.