• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қаңтар айының 5 күні Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің туған күніне орай шығармашылығын насихаттау, өршіл жырларын оқыту мақсатында аудандық кітапханада «Сөз сарайынан маржан терген ақын» атты әдеби кеш, аудандық балалар кітапханасында «Зерделі жырдың зергері» атты поэзия сағаты, Алғабас, Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасында «Өлең-сөздің зергері - Қадыр ақын» тақырыбымен ән-жыр кеші өткізілді.

 

 

Кеш барысында ақынның өмірбаяны мен шығармалары таныстырылып, «Қазақ жырының Қадыры» атты бейнефильм көрсетілді. Кітапхана оқырмандары ақынның «Ана», қазақтың ұлттық өнеріне баулитын «Домбыра», «Бесік жыры», туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктен туындаған «Туған жер», «Ұлы махаббат», «О, далам», «Орман» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балаларға жаны жақын Қадыр ақынның бүлдіршіннің рухани тәбетін ашып, ой санасын оятар шығармаларын «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері мәнерлеп оқыды. Ақынның сөзіне жазылған «Асыл әжем», «Сыған серанадасы», «Апам үшін» әндерін орындады. Музей қызметкері Д.Галимова ақынға тиесілі музейдегі құнды жәдігерлермен таныстырса, М.Жампозов «Қадыр ақын» атты жүрекжарды арнауын тарту етті. «Қазақ осы» әнін мәдени демалыс орталығының қызметкері М.Мамықовтың шәкірттері А.Айсиева мен Е.Ынтазар орындады. Тақырыпқа орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шараға жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары, С.Датұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Д.Галимова, «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы» орталығының «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі М.Жампозов, «Балдырған» балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиешісі Г.Хамидуллина қатысты.