• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

30 қаңтар күні «Сырым аудандық ОКЖ» мемлекеттік мекемесіне жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының есімі берілу салтанатты шарасы оздырылды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов, БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Қ.Мусағалиев, жазушының қаламдас досы, ақын А.Н.Нәріков, жұмыстас жолдасы Т.С.Қарасаев, сыныптасы З.Т.Бостанова және туыстары Б.С.Есламғалиев, Р.О.Хамза, Ұ.Ә.Төлегенова мен Ш.Т.Төлегенов арнайы қатысты. Кеште көпшілікке қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалған «Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы» тақырыбындағы кітап көрмесі, «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» кітап инсталляциялары, қаламгердің сандық форматтағы «Дүбірлі дала», «Әйтеке би» кітаптары таныстырылды. Аудандық кітапхана мен аудандық демалыс орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Жылдар жылжып өтсе де ел есінде» тақырыбымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеште қаламгердің 70 жылдығына орай Сырым ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан-Орал» телеарнасы түсірген «Өтелген парыз» телевизиялық фильмінен үзінді көрсетілді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов құттықтау сөз сөйлеп, шақырылған қонақтар жазушы туралы, шығармашылығы туралы естеліктер айтты. Кеш қонақтары қаламгердің «Әйтеке би» тарихи-философиялық дилогиясы бойынша «Жымпиты халық театрының» сахналық қойылымын тамашалады. Ақын Меңдігүл Есенғалиева «Мұқадес ағаға», бұлдыртылық ақын Қуаныш Қапановтың «Мұқадес Есламғалиұлы» арнауын Е.Ниетқалиев оқып, аудан көркемөнерпаздары «Жосалы», «Ауылым», «Өмір-ай», «Мәңгілік ел» тақырыбындағы әндерді орындады.