• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Қазақ әдебиетінің зор таланттарының бірі, айбынды ақын және ұлтжанды тұлға, ұлы педагог, талантты аудармашы Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 125 жыл толып отыр.

 

Осы мерейтойға орай ақын өмірі мен шығармаларын кеңінен насихаттау, жалынды жырларын оқыту мақсатымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мағжан оқулары» республикалық акциясын жариялады. Аталмыш акцияны қолдау және кітап оқуды ілгерілету бағытында Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық кітапхана жүйесіне қарасты барлық кітапханада ақын шығармашылығына арналған тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, көпшілік оқырмандарға таныстырылды.

 

Бүгін, яғни 15 наурыз күні аудандық кітапхананың оқу залында «Сөз зергері Мағжанның әдемі өрген өрнегі» тақырыбымен онлайн конференция оздырылды. Онлайн конференция бір мезгілде 3 алаңда өткізіліп, шара барысында аудандық балалар кітапханасы мен Аралтөбе және Өлеңті ауылдық модельді кітапханаларының жас оқырмандары ақын өмірімен, әдеби мұрасымен танысып, жалынды жырларын оқып, талқылады.