• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» атты облыстық фестивалі оздырылды. Фестиваль негізгі мақсаты -  мәдени ойын-сауық саласы қызметіндегі тәжірибемен алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету болды.

Үстіміздегі жылдың 19 сәуір күні аталмыш фестивальға «Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі «Үздік аудандық кітапхана», «Үздік аудандық кітапхана қызметкері», «Үздік ауылдық кітапхана», «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» номинациялары бойынша қатысып, нәтижесінде аудандық кітапхана «Үздік аудандық кітапхана» атағын иеленіп, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды. «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша Алғабас ауылдық модельді кітапханасы дипломант атанып, «Үздік аудандық кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қажығалиева Дина Ғарифоллақызы дипломмен марапатталды.

 

 

Алғабас ауылдық кітапханасының меңгерушісі

 

 

Қажығалиева Дина Ғарифоллақызы

 

 

Үздік аудандық кітапхана қызметкері номинациясы бойынша қатысушы

 

 

 

Алғабас ауылдық кітапханасы

 

 

Қажығалиева Дина Ғарифоллақызы