• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Үстіміздегі жылдың 11 сәуір күні Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапхана мамандарына арналған  «Жас ұрпақ оқуы-елдің интеллектуалды ресурсы» тақырыбында  облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі оздырылды.

Кретивті идеялар жәрмеңкесінің мақсаты; туған өлкеміздің әдеби, тарихи және табиғи мұрасын оқып зерттеу, бағдарлама-жоба қызметтерін инновациялық дамыту, кітапхана қызметінің жаңаша түрлері мен жаңа идеяларды енгізу, кітапханалық қарым-қатынас шеңберін кеңейту, облысымыздағы кітапханалардың жас мамандарының шығармашылық бастамаларына серпін беріп қолдау  көрсету.

Жәрмеңкеге қатысушылар төмендегідей бағытта жұмыстарын көрсетті: Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Г.Ержепова «Алтын уақыт кітаппен» рэйдинг-тайм жобасы,  Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Б.Темирханова «Ақжайық қаламгерлерінің үздік 20 кітабы» буктрейлер, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы  Г.Жантурина «Нәрлі оқу» библиокафесін ұсынды. Облыстық креативті жәрмеңкенің қорытындысы бойынша инновациялық идеялар мен жобаларын ұсынып,  «Үздік креативті идея» иесі атанған Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Гүлден Ережепова марапатталды.