• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы жыл сайын бір ұлттың мәдениетін танып-білуге бағытталған «Кітап – достық көпірі» атты байқау жариялап тұрады. «Кітап – достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті байқауы әр ұлт өкілдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға балалар мен жасөспірімдер арасында өзге ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттерін насихаттап, танытуға бағытталған. Биылғы эссе конкурс байқауы  кәріс халқының әдебиетіне арналды.  Аталмыш байқауға кітапханалардан 15 оқырманның жұмыстары облыстық кезеңге жолданып, соның ішінде 9 оқырман жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың облыстық кезеңінде І-орынды Т.Жулмагамбетов (ауд. б/лар к/ның оқырманы), Б.Әбілхайыр (Алғабас а/к), ІІ-орынды М.Жасен (Қызылағаш а/к оқырманы), Н.Қуандық (ауд. б/лар к/сы), ІІІ-орынды А.Молдағали (Қазақстан а/к), Р.Мағжан (Шағырлыой а/к), С.Талапкер (Бұлдырты а/к) иеленді. «Мен сүйіп оқитын кәріс жазушысы» номинациясы бойынша А.Бітімғали дипломант атанды.