• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына алғаш рет үш бірдей автордың, атап айтсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітаптары ел болып оқуға ұсынылды. Аталмыш акцияны қолдау, оқуды насихаттау мақсатымен кітапханаларда әр түрлі бағыттағы мәдени-көпшілік шаралар оздырылды. Кітапханаларда «Ел болып оқитын кітап», «Жыл кітабы – 2018», «Дара тұлғалардан қалған мол мұра», «Жыл кітабын бірге оқимыз» тақырыптарымен кітап көрмесі ұйымдастырылып, аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» атты библиокафе оздырылды. Ақын, ойшыл, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттауда Алғабас ауылдық модельді кітапханасында «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр» тақырыбымен, Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасында «Шәкәрімнің асыл мұрасы» атты библиомарафон, аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Шәкәрім мұрасы - мәңгілік» атты поэзия сағаты өтті. Жаззушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын оқыту мақсатымен «Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі» тақырыптық кеш, Жырақұдық ауылдық кітапханасында «Айбынды жеңіскер, айтулы қаламгер» тарихи-танымдық кеш, Тамды ауылдық кітапханасында «Аты аңызды, өсиеті маңызды» тақырыбымен портрет кеші өткізілді.