• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Тіл – Мәңгілік Елдің алтын арқауы» аудандық тілдер фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын биіктету, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында 4 қыркүйек күні аудандық кітапханада "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбымен дөңгелек үстел оздырылды.

 

Аталмыш шараға ардагер ұстаздар К.Н.Федянин, М.Қожамұратов, зейнеткер оқырмандар Т.Сбитникова, Ф.Усманова, Р.Бахметова, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі А.Ойшыбаева, Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Қыдыралин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Ж.Нурпейсов, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің психологі З.Х.Сукбаева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері, демалыс орталығының қызметкерлері мен кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатынасты. Шараның "Тілім менің ғасырлардан аманат" бөлімінде Алғабас ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Ұ.Каринаның, Қособа ауылы қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Д.Бекчуринаның баяндамалары тыңдалып, «Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?», «Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?», «Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?», «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін қолдайсыз ба?», «Латын қарпіне көшу қалай жүзеге асырылуы тиіс, мектеп бағдарламасына енгізілген жағдайда 1 сыныптан енгізілуін дұрыс деп ойлайсыз ба?», «Елімізде үш тілді білім беру саясаты енгізілуде, алдағы уақытта даму болашағы қандай болмақ?»  сұрақтары төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Тақырыпқа орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі таныстырылды.