• «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Үстіміздегі жылдың 30 наурыз - 4 сәуір  аралығында  2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ-нің  Көздіғара ауылдық кітапханасында 4-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Оқырман-кітаппен дос болайық», Бұлан ауылдық кітапханасында 1-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Мені қызықтырған әлем», Көгеріс ауылдық кітапханасында көпшілік оқырмандардың қатысуымен «Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім», Өлеңті ауылдық модельді кітапханасында 4-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана-ғажайып қазына», Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасында  4-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Дос болайық кітаппен», Шағырлыой ауылдық модельді кітапханасында 4-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Библиотүн-2019», Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасында 1-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Білім кені-кітапхана», Аяқкөл ауылдық кітапханасында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана -  ғажайыптар әлемі, Алғабас ауылдық модельді кітапханасында барлық оқырман топтарының қатысуымен «Кітаппен болашаққа», Тамды ауылдық кітапханасында  балалар тобымен «Кітапхана-рухани жаңғыру ошағы» тақырыбында библиокеш кітапханалық мәдени шарасы оздырылды. Бос уақытын тиімді өткізіп, кітапты   халыққа насихаттауда ұйымдастырылған «Библиокеш» кітапханалық мәдени шарасына ауыл әкімдері, мектеп ұжымы, мәдениет қызметкерлері, ауыл тұрғындары белсене қатынасты. Шараға қатысушылар қызықты шараның куәгері болды.